Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

"Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 07 ақпандағы №12 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы" бұйрық жобасы

 

«Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді

ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 07 ақпандағы

№12 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 42-бабының   2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 07 ақпандағы №12 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2017 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №14868 болып тіркелген, электронды түрде 2017 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталонды бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес берілген бұйрықпен бекітілген жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  3. осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
  4. осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                            

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                                      Е. Біртанов

 

Орналастырылған: 03.01.2019
Жаңартылған: 06.02.2019

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы