Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығы

Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 ақпанда № 9139 тіркелді

 

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Министрдің

      міндетін атқарушы                               Е. Байжүнісов

 

Орналастырылған: 11.12.2014
Жаңартылған: 30.03.2018

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы