Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс өткізу шарттары, күні мен орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

«Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс өткізу шарттары, күні мен орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Сiлетi көшесі, 30-үй, 19-кеңсе, телефоны (7273) 55-47-74, 55-84-54.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықты және трансплантология ғылымын дамытудың тиiмді ұлттық жүйесін құру. Қазақстан Республикасында транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) медицина саласындағы жоғары білімі;

экономика/қаржы және кердит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

не

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

2) Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және саламатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын;

3) бұрын жасалған сыбайлас құқық бұзушылықтың болмауы;

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.

Қонкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, соңдай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімінен кейінгі келесі жұмыс күні.

Құжаттар, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, байланыс телефоны 74-32-45.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы