"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығы бекітілді

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес дайындалған, ҚР Әділет министрлігінде № 16793 болып тіркелген.

Бұйрық ҚР білім және ғылым, еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрліктермен келісілген.

Бұйрықтың мақсаты инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуін және өршулердің пайда болуын болдырмау үшін санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Бұйрықта жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, іш сүзегінің, паратифтің, туберкулездің, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың, вирустық гепатиттердің, тұмаудың, АИТВ инфекциясының, ЖИТС-тің, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, менингококк инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, желшешектің, скарлатинаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар көзделеді.

Бұйрықтың жаңа редакциясында шамамен 40% нормалар қайта қаралды.

Бұйрық алдын ала «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, үкіметтік емес ұйымдармен келісілді, Эпидемиология саласындағы ғылыми орталықтардың сараптамалық қорытындысы алынды, қоғамдық кеңеспен мақұлданды, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz. gov.kz интернет-ресурсында және көпшілік талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.  

Орналастырылған: 02.05.2018
Жаңартылған: 11.05.2018

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы