Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті туралы ереже

Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті туралы ереже

 

1. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

1. Жалпы ережелер

4. Департамент мынадай басқармалардан тұрады:

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасы;
  2. Мемлекеттік активтер және ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен жұмыс басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары,құқықтары мен міндеттері

5. Министрліктің құзыреті шеңберінде Департаменттің міндеттері:

1) денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;

3) Министрлікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, сондай-ақ акцияларының мемлекеттік пакеттері Министрлікке иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдарға (бұдан әрі – ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) бекітілген мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды ұйымдастыру;

4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық қызметін бағалау;

5) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу;

6) Министрлік туралы ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

6. Жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Департаменттің құзыреті шеңберінде Министрліктің қызметі саласындағы  нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысады;

2) Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындағы мемлекет мүлкін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының сақталуын жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады;

7) мемлекеттік сатып алу саласында қалыптасатын тізілімдерді қалыптастыруды жүзеге асырады;

8) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттарының сәйкестігін тексеру және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар (аукциондар) өткізу рәсімдерінің және өзге де рәсімдердің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыстарын ұйымдастырады;

9) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен жүргізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасуды жүзеге асырады;

10) мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтарды бұзған және мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындамаған және/немесе тиесілі орындалмаған әлеуетті өнім берушілерді жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды;

11) жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қосымша келісімдер жасасуға қатысады;

12) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметімен пайыздық қатынаста белгіленген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге жіберу бойынша шаралар қабылдауды жүзеге асырады;

13) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мемлекеттік мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді қарайды және уәкілетті органға келісу туралы ұсынысын береді;

14) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асырады;

15) республикалық меншік объектілерін түгендеу және жекешелендіру мәселелеріне қатысады;

16) Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың стратегиялық жоспарларын келісуге қатысады;

17) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, республикалық  мемлекеттік кәсіпорындардың жылдық қаржылық есебін қарауға және бекітуге қатысады;

18) байқаушы кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың мәселелерін қарайды, тиісті саланың уәкілетті органына келісуге енгізбестен бұрын атқарушы орган даму жоспарының түзетілген жобасы байқау кеңесі алдын ала келіседі;

19) республикалық қазыналық кәсіпорындарымен өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстар, қызметтер) баға белгілеуге және қарауға қатысады;

20) Министрліктің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарымен белгіленген, бюджеттен қаржыландырылатын, жұмыстардың (қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) бағасын келісуге  қатысады;

21) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және өзге де Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік монополия немесе табиғи монополия субъектісіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарымен) өндірілетін және сатылатын тауарларға (жұмыстар, қызметтер) баға белгілеу және қарауға қатысады;

22) қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің орындау және Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарының (Аумақтарды дамыту бағдарламалары) және стратегиялық көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың даму жоспарларын іске асыру мониторингін жүзеге асырады;

23) Министрліктің акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бақылайтын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың дамыту жоспарларының орындалуын талдауға және бақылауға қатысады;

24) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерін бекітуге және қарауға қатысады;

25) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысады және оларды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындауды қамтамасыз етеді;

26) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыру бойынша Министрліктің акционерлік қоғамдардың ұсыныстарын қарауға қатысады;

27) Министрліктің мемлекеттік кәсіпорындарының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің байқау кеңесін, акционерлік қоғамдардың директорлар Кеңесінің құрамын қалыптастыруға қатысады;

28) қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту немесе Министрліктің акционерлік қоғамдарының жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы шешім қабылдауға қатысады;

29) Министрліктің акционерлік қоғамдарының жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітуге немесе оны жаңа редакцияда бекітуге қатысады;

30) сандық құрамын, директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімін, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау шығындарының өтемақысын және сыйақысын анықтауға қатысу;

31) Министрліктің акционерлік қоғамдарының аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдарды айқындауға қатысады;

32) Министрліктің акционерлік қоғамдарының жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешімді қабылдауға қатысады;

33) Директорлар кеңесі, байқау және қамқоршылық кеңестері отырыстарының күн тәртібіне енгізілетін мәселелерін қарайды;

34) мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысады;

35) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

36) Министрліктің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының, олардың орынбасарларының, бас бухгалтерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілеуге қатысады;

37) Министрліктің мемлекеттік кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдарының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің кейбір әкімшілік шығыстарын лимиттерін (қызметтік автомобильдердің тиістілік нормалары, өкілдік шығыстар, әкімшілік аппараттарды және ерекше үй-жайларды орналастыруға арналған алаңдар, іссапар шығындарын өтеу, арнайы көлік) белгілеуге қатысады;

38) мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың есептілік және басқа да ақпараттарды ұсынуын қамтамасыз ету;

39) жоспарлы жылдың алдыңғы жылғы 1 мамырына дейін мемлекеттік меншікті басқару бойынша уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңінде республикалық бюджетке аударылуға тиісті таза табыс бөлігінің болжамды сомасын, сондай-ақ есепті жылы республикалық бюджетке аударылған ведомстволық бағынысты ұйымдардың аударған таза табысы бөлігінің көлемін ұсынады;

40) мемлекеттік меншікті басқару бойынша уәкілетті органға жылдық қаржылық есепті бекіту, таза табысты бөлу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың дивидендтерді уақтылы аударғаны туралы ақпарат береді;

41) «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» (ЕТБЖ) Базасына деректерді енгізу және жетекшілік ететін ведомстволық бағынастағы ұйымдардың даму жоспарларын орындау мониторингін жүргізеді;

42) Министрліктің басшылығы, жоғары тұрған органдар үшін департаменттің құзыреті бойынша анықтамалар, ақпараттар және талдамалық материалдар дайындайды;

43) ағымдағы хат-хабарлармен жұмыс істейді;

44) заңнамаға сәйкес Департамент құзыретінің шегіндегі өзге де функцияларды орындайды.

7. Департаменттің құқығы:

1) Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Министрліктің ведомстволарынан, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарынан Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті деректерді, анықтамаларды, түсініктемелерді, ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;

4) Министрлікте және оның ведомствосында құрылатын комиссиялардың, кеңестердің, жұмыс топтарының құрамдарына кіру және өткізілетін іс-шараларға қатысу;

5) Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

6) Департаменттің алдына қойылған міндеттерді шешу, жөніндегі ұсынысты әзірлеу және басшылықтың қарауына енгізу;

7) Министрліктің басшылығына Департаменттің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну.

8. Департаменттің міндеттері:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімді қабылдауға;

2) Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, тапсырмаларын, заң жобалары жұмыстарының жоспарын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

3) Департаменттің құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда жалғыз акционердің өкілі ретінде қатысу;

4) Департаменттің құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларының есептерін тыңдау;

5) Бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

9. Департаменттің өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымына тағайындалатын және босатылатын директор басқарады.

11. Департамент директорының лауазымға жауапты хатшы тағайындайтын және босататын бір орынбасары болады.

12. Департамент директоры Департамент қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры Министрліктің жауапты хатшысына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Осы мақсаттарда Департамент директоры:

  1. Департаментті білікті кадрлармен қылыптастыруды және олардың кәсіптік деңгейлерін арттыруды қамтамасыз етеді;
  2. өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
  3. Департаменттің құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
  4. заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары:

  1. өз құзыреті шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;
  2. Департамент директоры жұмыста болмаған кезде директорды алмастырады, Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады;
  3. заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

16. Департаменттің атынан өзге құрылымдық бөлімшелерге Департамент құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы