Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Үкіметінің қаулы жобасы «ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 634 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы

15 қазандағы № 634 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 634 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ 2018ж., № 57 – 58, 305-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Әзірлеу үшін негіз» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Әзірлеу үшін негіз

«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы

                                                                                                                     »;

«Негізгі бағыттар, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» деген 5-бөлімде:

«Тарифтік саясатты жетілдіру» деген 5.5.2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«5 жыл ішінде барлық көздердің білім беруге, ғылымға және денсаулық сақтауға арналған шығыстарын ЖІӨ-нің 10% дейін жеткізу қажет.

Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ететін межеленген реформаларды іске асыруға бағыттау қажет.»;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 109-1-жолмен толықтырылсын:

«

109-1

ЖІӨ жалпы үлесіндегі барлық көздерден денсаулық сақтауға арналған шығыстарды ұлғайту бойынша шаралар әзірлеу

 

Үкіметке ұсыныс

2019 жылғы 2-тоқсан

ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО

 

 

 

 

 

Қаржы шығындарын қажет етпейді

 

                                                                                                                    ».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                          Б. Сағынтаев

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы