Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша қайта конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 3, 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.  

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес конкурстың шарттары, өткізу күні мен орны айқындалсын.

3. кКомиссия:

1) мерзімдік баспасөз басылымдарында байқау кеңесі мүшесінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына қолданылады), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізсін.        

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                   Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2019 жылғы _____ __________

№ ____ бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық  клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі  конкурстық  комиссияның құрамы

Ақтаева

Лязат Мейрашқызы

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрайым

Тен

Ольга Владимировна

 

Байжұманова

Айман Төкенқызы

  • Персоналды басқару департаментінің бас сарапшысы, хатшы*

 

  • Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры

Баймағамбетова

Эльмира Шатыбайқызы

  • Персоналды басқару департаментінің директоры

Есмағамбетова

Айжан Серікбайқызы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры

Хорошаш

Асқар Насибуллович

  • Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

*Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық  клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша қайта конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық  клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі  конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.   

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ладушкин көшесі, 120 А, телефон

8(7273) 95-13-49.  

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің  тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, иондаушы сәулендірудің әсеріне ұшыраған адамдарға, Семей ядролық сынақ полигонының қызметінен зардап шеккен азаматтарға (бұдан әрі – контингент) медициналық және дәрігерлік қызметке мемлекеттік лицензиясы бойынша мамандандырылған медициналық көмек  көрсету.

Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесі;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі;

2. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін түрде);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымды) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн-мерзiмдiк баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Үміткердің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы