Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша 2019 жылғы I тоқсандағы есебі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы І тоқсандағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есебіне талдамалық анықтама

«Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 913 қаулысына (бұдан әрі - қаулы) сәйкес Министрлік 50 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) - 22 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментімен жетекшілік ететін 18 мемлекеттік қызмет;
  2. Ғылым және адами ресурстар департаменті жетекшілік ететін 1 мемлекеттік қызмет;
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (бұдан әрі-Фармация комитеті) 2 мемлекеттік қызмет;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі - Комитет) 1 мемлекеттік қызмет.

Сонымен қатар, орталық аппарат деңгейінде, комиттере мне оның аумақтық бөлімшелерінде - 26 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

  1. Фармация комитетімен оның аумақтық бөлімшелерінде - 9 мемлекеттік қызмет;
  2. Комитет оның аумақтық бөлімшелерінде – 14 мемлекеттік қызмет;
  3. Ғылым және адами ресурстар департаменті - 1 мемлекеттік қызме;
  4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті / «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ – 2 мемлекеттік қызмет;

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  • «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ.
  • «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы қорытынды беру» - ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК.

50 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ішінде:

  • электрондық нысанда –18 (36%);
  • электрондық / қағаз нысанда – 10 (20%);
  • қағаз түрінде – 22 (44%).

Қаулыға сәйкес:

Тізілімге мынадай жаңа мемлекеттік қызметтер енгізілді:

  1. Санаторлық-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарастыру.

Қазақстан Республиқасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі - ЦДҚАӨМ) мынадай мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер Тізілімінен (бұдан әрі - Тізілім) алып тастау жөнінде ұсыныстар енгізілді:

  1. Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мажилистегі келісуде);
  2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісін беру (шығ № 18-14/365-И 2019 жылғы 23 қаңтардағы хат);
  3. Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу (шығ № 18-14/365-И 2019 жылғы 23 қаңтардағы хат, шығ № 18-14/1917 2019 жылғы 1 ақпандағы хат);
  4. Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу (шығ № 18-14/365-И 2019 жылғы 23 қаңтардағы хат, шығ № 18-14/1917 2019 жылғы 1 ақпандағы хат).
  1. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

«Мемлекеттік қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 қаулысын іске асыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылаудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2018 жылғы 25 желтоқсанында № 746 бұйрығы және тиімділік көрсетіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметінің тиімділік көрсетіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

2019 жылғы І тоқсанда бекітілген жоспарға сәйкес медициналық білім және ғылым ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шаралары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - МҚІСЖҚА) жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Комитет 2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісі) бара отырып жүргізген профилактикалық бақылауың қорытындысы бойынша анықталған Бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы нұсқаманы орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті 2019 жылға (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) (іс-шаралар жоспарының көшірмесі қоса беріледі).

Іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындау үшін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Комитеттің зертханалық қызметті дамыту департаментінің бас сарапшылары А.Б. Жылкайдаров, Д.К. Рыскұл «ескертулер» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2019 жылғы 18 наурыздағы № 73-ж/қ, 74-ж/қ бұйрықтарының көшірмелері қоса беріледі).

  1. 2019 жылғы 1 тоқсандағы НҚА-ға өзгерістер енгізу және бекіту.

Министрлік медициналық және фармацевтикалық қызмет, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында 45 мемлекеттік қызмет стандартын әзірледі.

  1. мемлекеттік қызметтер бойынша «Санаторлық-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» және «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарастыру» Министрлік «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұл жобаның жобасы ЦДҚАӨМ тарапынан мақұлданды.

3 мемлекеттік қызметтер бойынша «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісін беру», «Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу» және «Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу» ЦДҚАӨМ қызметтер Тізілімінен алып тастау жөнінде ұсыныстар енгізілді (шығ № 18-14/365-И 2019 жылғы 23 қаңтардағы хат, шығ № 18-14/1917 2019 жылғы 1 ақпандағы хат).

«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына енгізу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілді («Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы).

Министрлік «Фармацевтикалық қызметтің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығының жобасын әзірледі, ол ЦДҚАӨМ келісілді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – ӘМ ҚР) тіркеу үшін жіберілді.

Министрлік медицина саласындағы «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрық жобасын әзірледі және осы бұйрық ҚР ЦДҚАӨМ және ӘМ ҚР келісу сатысында.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат.

Мониторинг қорытындысы бойынша 2019 жылғы I тоқсанда 4 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзушылыққа жол берілді:

Қаңтар айында - 4 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, оның ішінде:

  1. 3 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» (Қостанай облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті).

Анықтама:

Жол берілген бұзушылық үшін жауапты лауазымды тұлға «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Рудный қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын санитариялық-гигиеналық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы В. И. Усов «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. (2019 жылғы 18 ақпандағы № 12-ж/қ бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі).

«Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» 1 мемлекеттік қызметті көрсету бойынша мерзімінің бұзылуы. 2019 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру».

Қазіргі таңда, көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

Ескертпе: «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету мерзімнің бұзылуы бойынша 2019 жылдың 11 қаңтарындағы МҚІСЖҚА жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша мерзімінің бұзылуы анықталмаған (2019 жылғы 5 наурыздағы қызметті көрсету бойынша мерзімінің бұзылуы нұсқауы қоса беріледі).

Мерзімдерді бұза отырып көрсетілген қызметтердің саны

2019 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметінің 10 өтінімі бойынша бас тарту мерзімдерін бұзғаны анықталды.

Қызметті көрсетуден бас тарту себебі:

  1. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығының 2-тарауында 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген тіркелмеген дәрілік субстанцияларды әкелу үшін өндіруші мен өндірушінің елі көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы жоқ. Келесі өтініштерде:

KZ76RAK00050879 от 11.01.2019 г.;

KZ60RAK00050876 от 11.01.2019 г.;

KZ55RAK00050869 от 11.01.2019 г.;

KZ38RAK00050884 от 11.01.2019 г.;

KZ17RAK00050874 от 11.01.2019 г.;

KZ11RAK00050885 от 11.01.2019 г.;

KZ06RAK00050878 от 11.01.2019 г.;

KZ33RAK00050877 от 11.01.2019 г.;

KZ92RAK00050882 от 11.01.2019 г.

  1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 668 бұйрығының 3-бөлігінің 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді (осы Қағидалардың 11-тармағын қоспағанда), Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканың мемлекеттік тізілмінің тиісті ақпараттық жүйесінде қамтылған тіркеу туралы (қорытындыны, (рұқсат беру құжатын, келісімді ресімдеусіз) мәлімет болған кезде уәкілетті орган жүзеге асырады. Осыған орай Департамент Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуді өтінішті келісуден бас тартады.
  2. KZ82RAK00050868 от 11.01.2019 г.

Анықтама:

А. Б. Чангерееваға жіберілген бұзушылық үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды (2019 жылғы 23 қаңтардағы № 9 ж/қ бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі).

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу.

Көрсетілетін қызметті алушылардың электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттануын арттыру бойынша 785 іс-шара өткізілді, 104 801 тұлғаны қамти отырып, оның ішінде:

Фармация комитеті және оның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну тәртібі туралы 376 адамды қамтитын қызметтерді жеткізушілер туралы ақпараттандыру үшін 12 іс-шара өткізді.

Комитет және оның аумақтық бөлімшелерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында 98 090 адамды қамти отырып, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру бойынша 642 іс-шара өткізді және медицина саласында 6323 адамды қамти отырып 130 түсіндірік іс-шара өткізді.

Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің Мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасы МҚІА мемлекеттік қызметтер департаментінің бас консультантымен бірлесіп Мемлекеттік қызметтер көрсететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің 12 адам қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағадаларына сәйкес Министрліктің есептік ақпаратын сапалы толтыру бойынша кеңес өткізді (2019 жылғы 12 наурыздағы кеңес хаттамасының көшірмесі қоса беріледі).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру.

Ағымдағы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру болған жоқ.

Результаты согласования

09.04.2019 15:50:01: Жолшоринов А. Ж. (Управление учета проверок и мониторинга) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 15:52:23: Суханов С. Ж. (Управление развития государственного языка) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 15:53:15: Досходжаев А. Б. (Управление координации и оказания государственных услуг в сфере медицинской деятельности) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 15:53:39: Божбанбаева Б. М. (Управление координации и оказания государственных услуг в сфере медицинской деятельности) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 15:56:58: Сыздыкова Б. М. (Управление государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности и интеграции) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 15:57:48: Дюсембаева Г. К. (Управление государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности и интеграции) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:00:01: Байжанова Г. Ж. (Управление прогнозирования и планирования объемов медицинских услуг) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:00:13: Умертаев А. К. (Департамент координации ОСМС) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:00:55: Исаков А. А. (Департамент цифровизации здравоохранения) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:16:22: Бекшин Ж. М. (Комитет охраны общественного здоровья МЗ Республики Казахстан) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:19:36: Есенбаев Б. С. (Департамент цифровизации здравоохранения) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:24:52: Ержанова Ф. Н. (Управление развития человеческих ресурсов ) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:26:30: Саркенова А. С. (Управление медицинской науки и новых технологий) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:31:24: Сыдыкова С. И. (Департамент науки и человеческих ресурсов) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:34:12: Бюрабекова Л. В. (Комитет фармации) - - cогласовано без замечаний

09.04.2019 16:34:56: Газизова Г. К. (Управление стандартизации) - - cогласовано без замечаний

 

Орналастырылған: 10.04.2019
Жаңартылған: 12.07.2019

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы