Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша 2019 жылғы I жартыжылдықтағы есебі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша 2019 жылғы I жартыжылдықтағы жұмысы туралы есепке талдамалық анықтама

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 217 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес денсаулық сақтау саласында 50 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) - 20 мемлекеттікқызмет, оның ішінде:

1) Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті жетекшілік ететін 18 мемлекеттік қызмет;

2) Ғылым және адами ресурстар департаменті жетекшілік ететін 1 мемлекеттік қызмет;

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі- Комитет) жетекшілік ететін 1мемлекеттік қызмет.

Сонымен қатар Орталық аппарат, Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері деңгейінде 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

  1. Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері - 25 мемлекеттік қызмет;

Анықтамалық:«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» және «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» деген 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ЖАО-дан Комитеттің аумақтық департаменттеріне ауысты.

2) Ғылым және адами ресурстар департаменті-1 мемлекеттік қызмет;

3) Міндетті медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті / «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ - 2 мемлекеттік қызмет.

1) «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру»;

2) «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК –«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы туралы қорытынды беру» Мына мемлекеттік қызмет көрсетеінінайта кету керек:

50 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің:

- қағаз түрінде-15 мемлекеттік қызмет;

- электрондық / қағаз түрінде – 16 мемлекеттік қызмет;

электрондық нысанда – 19 мемлекеттік қызметкөрсетіледі.

Анықтама: ағымдағы жылғы шілдедегі жағдай бойынша Министрліктің көрсетілетін қызметтеріні автоматтандыру деңгейі 70% құрайды.

Қаулыға сәйкес:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) мынадай мемлекеттік қызметтер бойынша аудару бөлігінде өзгерістер енгізілді:

I. электронды / қағаз форматқа:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;

2) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;

3) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;

4) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді беру;

5) транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді тіркеу немесе келісімді кері қайтарып алу;

6) денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру;

7) балалар тағамы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу;

8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі туралы қорытынды беру

ІІ. электрондықформатқа:

1) фармацевтикалық қызметке лицензия беру;

2) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Тізілімнен алып тастау бойынша ұсыныстар енгізілді:

1) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (2019 жылғы 26 сәуірдегі шығ.№ 08-3-7/7126);

2) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісін беру (2019 жылғы 23 қаңтардағы шығ.№ 18-14/365-И, 2019 жылғы 26 сәуірдегі шығ.№ 08-3-7/7126);

3)медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу (2019 жылғы 23 қаңтардағы шығ. № 18-14/365-И, 2019 жылғы 1 ақпандағы шығ № 18-14/1917., 2019 жылғы 26 сәуірдегі шығ.№ 08-3-7/7126);

  1. сынақ зертханаларын биологиялық белсенді заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу (2019 жылғы 23 қаңтардағы шығ.№ 18-14/365-И., 2019 жылғы 1 ақпандағы шығ № 18-14/1917., 2019 жылғы 26 сәуірдегі шығ№ 08-3-7/7126);
  2. бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешім беру(2019 жылғы 26 сәуірдегі шығ.№ 08-3-7/7126).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмаларына сәйкес Министрлік 8 мемлекеттік қызмет бойынша оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жол карталарын әзірлеп, 2019 жылғы 13 маусымда ЦДИАӨМ Министрімен бекітті.

  1. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

Ішкі бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасы медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бұзудың 3 фактісін анықтады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке:

1) Э.М. Сибгатулина– «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің дипломнан кейінгі білім беру институтының директоры (2019 жылғы 20 мамырдағы №129-к бұйрық).

2) И.Н. Джуппаева - «ВШОЗ» Қазақстан медициналық университеті қосымша кәсіптік білім беру департаментінің директоры (2019 жылғы 15 мамырдағы №41 ж/қ бұйрығы).

3) А.Ш. Зетов – «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ қосымша білім беру департаментінің директоры (2019 жылғы 15 мамырдағы №114-ОД Бұйрығы) тартылды.

2. 2019 жылғы 6 айда НҚА-ға бекіту және оған өзгерістер енгізу.

Министрлік медициналық және фармацевтикалық қызмет, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы салаларындағы 47 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша стандарттар әзірлеп, бекітті.

«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау»және «Санаторийлік-курорттық емдеуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру туралы» деген 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № ҚР ДСМ-86 бұйрығы бекітілді.

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді («Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы)

«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-68 бұйрығы.

«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № ҚР ДСМ-83 бұйрығы.

3 мемлекеттік көрсетілетінқызметті Тізілімнен алып тастау бойынша ЦДИАӨМ-ға ұсыныстар жолданды:(2019 жылғы 23 қаңтардағы шығ.№ 18-14/365-И,2019 жылғы1 ақпандағы шығ № 18-14/1917., 2019 жылғы 26 сәуірдегі шығ.№ 08-3-7/7126)

  1. «Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісін беру»;
  2. «Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу»;
  3. «Биологиялық белсенді заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына сынақ зертханаларын аккредиттеу»

3.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат.

2019 жылғы 6 айда мониторинг қорытындысы бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзуға жол берілді:

Қаңтар айында - 4 қызмет көрсету мерзімін бұзу, оның ішінде:

1) «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге зиянды заттар мен физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» 3 мемлекеттік қызмет бойынша бұзушылықтар (Қостанай облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті).

Анықтамалық:

Тәртіп бұзушылыққажол бергеніүшін жауапты лауазымды тұлға -«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Рудный қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын санитариялық-гигиеналық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы В. И. Усов «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.(2019 жылғы 18 ақпандағы № 12-ж/қ бұйрықтың көшірмесіқоса беріледі).

2) «Диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған.

Анықтамалық:

Бас сарапшысы Ш.Д.Тазабекова өз еркімен жұмыстан шығарылды (16.05.2019 ж № 151-ж/қбұйрық).

Ескертпе:2019 жылғы 11 қаңтардағы «Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімін бір рет бұзу, МҚІСЖҚІА жоспардан тыс тексеру барысында аталған бұзушылықтың мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мерзімде көрсетілгені анықталды.(2019 жылғы 5 наурыздағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қоса беріледі).

Ақпан айында-0.

Наурыз айында- «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, шикізат пен өнім бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бір рет бұзу(Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті).

Анықтамалық:

Жол берілген бұзушылықтар үшін Коммуналдық гигиена басқармасының бөлім бастығы Г.Б. Килибаева «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2019 жылғы 23 сәуірдегі №416-Ө бұйрығы).

Сәуір айы«Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бір рет бұзу(Қызылорда облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті).

Анықтамалық:

Жол берілген бұзушылықтар үшін жауапты қызметкер Қызылорда облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы У.Шарапатова «ескертулер» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. (10.04.2019 ж. № 213-ж/қ бұйрық).

Мамыр айына-0.

Маусым айына-0.

Анықтама: 2019 жылдың маусым айында «ХҚКО ЫАЖ мониторингі» кіші жүйесінен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініштер бойынша ақпарат түскен жоқ.

Бас тарту мерзімдерін бұза отырып көрсетілген қызметтердің саны

2019 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру» мемлекеттік көрсетілетінқызметінің 10 өтінімі бойынша бас тарту мерзімдерін бұзу анықталды..

Бас тартусебебі:

  1. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығы 2-тарауының 9-тармағы 3-тармақшасының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілген тіркелмеген дәрілік субстанцияларды әкелу кезінде мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар ерекшелікте дәрілік заттарды өндіруші мен өндіруші елі мынадай өтінімдерде көрсетілмеген:

11.01.2019 ж.KZ76RAK00050879;

11.01.2019 ж.KZ60RAK00050876;

11.01.2019 ж.KZ55RAK00050869;

11.01.2019 ж.KZ38RAK00050884;

11.01.2019 ж.KZ17RAK00050874;

11.01.2019 ж.KZ11RAK00050885;

11.01.2019 ж.KZ06RAK00050878;

11.01.2019 ж. KZ33RAK00050877;

11.01.2019 ж.KZ92RAK00050882.

  1. «Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы экспорттау ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 17 тамыздағы № 668 бұйрығының 3-бөлігінің 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық техниканы әкелу (осы Қағидалардың 11-тармағын қоспағанда) тіркеу туралы ақпарат болған кезде жүзеге асырылады дәрілік заттарды медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы тіркеу туралы мәлімет болған кезде жүзеге асырылады мемлекеттік тізілімінің тиісті ақпараттық жүйедегі, медициналық құрылғылар, (рұқсат, бекіту) жасасу тіркеусіз Қазақстан Республикасының медициналық технология, уәкілетті орган.
  2. Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге төмендегі өтінім бойынша келісуден бас тартты:

11.01.2019 ж. KZ82RAK00050868

Анықтамалық:

А.Б. Чангерееваға жол жіберілген бұзушылық үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды (2019 жылғы 23 қаңтардағы № 9 ж/қ бұйрығының көшірмесі қоса беріледі).

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылғы 1 ақпандағы профилактикалық бақылау жүргізу барысында «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімін 1 рет бұзуды анықтады.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің зертханалық қызметті дамыту басқармасының бас сарапшысы А. Б. Жылққайдаровқа ескерту жарияланды (2019 жылғы 18 наурыздағы № 73 н/қ бұйрығы).

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына 2 шағым тіркелді:

1) «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, өнімдер мен шикізат бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

«Жер учаскесін қалпына келтіру жобасы» стандартпен реттелмеген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қате бергені үшін Қарағанды облысының департаменті Балқаш қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жауапты тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша тиісті рәсімдерді жүргізуде.

  1. 2018 жылғы 28 желтоқсанда Комитетке «Грин Сайд» ЖШҚ өтініші келіп түсті, ол № ЗТ-754-Н кіріс нөмірімен «азаматтардың өтініштері» базасында тіркелді және қарау мерзімі – 2019 жылғы 11 қаңтар (15 күнтізбелік күн) деп белгіленді.
  2. Қоғамның өтініші «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым» болып табылмайды. Қоғам өз өтінішінде Комитеттің жұмысын сынға алады және бұрын алынған өнімді (Бадтарды) мемлекеттік тіркеуден бас тарту мәселесін шешуге көмек көрсету туралы өтініш жасайды. Яғни, Комитет төрағасынан қалыптасқан жағдайды анықтауды (бас тарту себептерін анықтау) сұрайды.

Анықтама. Арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда жәрдем көрсету туралы өтiнiшхаты не заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы, өтiнiштердi қарайтын субъектiлердiң, лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не олардың қызметiн сынау («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»ҚРЗ 1-бабы).

Шағым мен арыз арасындағы айырмашылық. Өтініште деп, көмек көрсету, жәрдемдесу туралы өтініш, сондай-ақ заңнаманың бұзылуы, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмысы және т.б. туралы ақпарат көрсетіледі.

А, бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, қандай да бір бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы жазбаша өтініш шағым болып табылады.

Сондай-ақ, өтініштер азаматтық, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық процестерде мәлімделуі мүмкін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңнама шеңберінде мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Баяндалғанның негізінде, өтініштерді қарауды бұзу фактілері анықталған жоқ, себебі өтініш несіне жауап уақтылы жіберілді (2019 жылғы 10 қаңтар).

Сонымен қатар, ағамдағы жылғы 31 қаңтарда Комитет төрағасы Ж.М. Бекшиннің Қоғамның атқарушы директоры Е.В. Клименконы жеке қабылдауы өткізілді. Қабылдау барысында Комитеттің мәлімделген өнімді мемлекеттік тіркеуден бас тарту хатына түсініктеме берілді. Қабылдау нәтижесі бойынша өтініш берушіге ұсынылатын құжаттар пакеттерін Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес келтіру ұсынылды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу.

Көрсетілетін қызметті алушылардың электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардарлығын арттыру бойынша 1 371 іс-шара өткізілді, 219 981 адам қамтылды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру.

2019 жылғы 6 айда Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің 29 қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өтті (Нұр-Сұлтан қ.-2, Алматы қ.-8, Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті-16, Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті-3).

 

Орналастырылған: 12.07.2019
Жаңартылған: 12.07.2019

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы