Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша 2018 жылғы есебі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі бойынша талдамалық анықтамасы

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығын іске асыру мақсатында 2018 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылаудың іс-шаралар жоспарын бекіту туралы және 2018 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есеп ұсыну туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі –  Министрлік) бұйрығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерінің тиімді көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары  бекітілді.

2018 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес Фармация комитеті, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің Астана, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінде көрсетілуі сапасын бақылау  іс-шараларын жүргізілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ішкі бақылау іс - шараларының нәтижесі бойынша Қызылорда облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың 5 фактісі анықталды.

Айқындалған бұзушылықтар бойынша Қызылорда Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы «ескертулер» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облысы бойынша МҚІСҚА аумақтық департаментінің бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Департамент басшысының міндетін атқарушы А.Б. Тұрғанбаев Әқбтк 2-бөлігінің 465-бабы бойынша рұқсат беру тәртібін және мерзімін бұзғаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Министрлік 48 мемлекеттік қызметті көрсетеді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) оның ішінде:

1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (бұдан әрі – МКҰД) – 16 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

2. Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі – ҒАРД) – 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті (МӘМСҮД) – 3 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (бұдан әрі – Фармация комитеті) – 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

5. Қазақстан Республикасы министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – ҚДСК) – 15 мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Қазіргі уақытта, Министрлік 13 мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда көрсетеді.

Электрондық / қағаз нысанда – 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Қағаз нысанда – 23 мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде оларды автоматтандыру және оңтайландыру бойынша қабылданған шаралар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 17-3 / 05-1775, 2018 жылғы 25 қаңтардағы 17-3/05-1892, 2018 жылғы 1 наурыздағы № 17-3/05-1922, 2018 жылғы 12 шілдедегі №17-3/И-347, 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-3/И-456, 2018 жылғы 1 қарашадағы № 17-3/05-2105 хаттамаларына сәйкес, бір ай ішінде Министрлік мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бизнес-процестерді (бұдан әрі - Жол картасы) оңтайландыру бойынша 33 Жол картасын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Премьер-Митнистрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиев бекітті.

Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Наркологиялық ұйымдардан анықтама беру», «Психоневрологиялық ұйымдардан анықтама беру» және «Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, нәтижелерді беру уақыты 1 жұмыс күнінен 15 (30) минутқа дейін қысқартылды.

Медициналық қызмет саласында:

- «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» және «Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша көрсету мерзімі 3-тен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім берудің баламасы пайда болады.

 - «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша  көрсету мерзімі 45-тен 27 жұмыс күніне дейін қысқарады, қызмет беруші арқылы өтінім берудің баламасы алынып тасталады;

 - көрсету мерзімі 10-нан 5 жұмыс күніне дейін қысқартылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім берудің баламасы пайда болады, «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсеілетін қызметтер бойынша қажетті құжаттардың саны қысқарады;

 - көрсету мерзімі 15-тен 13 жұмыс күніне дейін қысқарады, «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша қажетті құжаттардың саны қысқарады – осы мемлекеттік көрсеілетін қызметтер жергілікті атқарушы органдарда көрсетіледі.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдері қысқартылды:

 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» 22-ден 5 жұмыс күніне дейін, әңгімелесу рәсімі алынып тасталды;

- «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» 15-тен 10 жұмыс күніне дейін;

- «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» 15 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін.

Фармацевтикалық қызмет саласында:

Оңтайландыру мақсатында мынадай мемлекеттік қызметтер бойынша көрсету мерзімі қысқартылды:

- «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне;

- «Фармакологиялық және дәрiлік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» күнтізбелік 10 күннен 7 жұмыс күніне;

- «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» күнтізбелік 10 күннен  7 жұмыс күніне;

- «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 5-тен 3 жұмыс күніне дейін көрсету мерзімі қысқартылады;

- «Фармакологиялық және дәрiлік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» 7-ден 5 жұмыс күніне дейін көрсету мерзімі қысқартылады;

- «Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру» 16-дан 12 жұмыс күніне дейін көрсету мерзімі қысқартылады;

- «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» 5-тен 3 жұмыс күніне дейін көрсету мерзімі қысқартылады;

- «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» 14-тен 10 жұмыс күніне дейін көрсету мерзімі қысқартылады.

Сонымен бірге, «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде 2019 жылдан бастап өтініш берілді, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, қажетті құжаттардың саны қысқартылады (заңды тұлғаны тіркеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін және үй-жайлардың (ғимараттардың) болуын ұсынуды алып тастайды).

Сонымен бірге, «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті құжаттардың саны 7-ден 2-ге дейін қысқартылады.

Сондай-ақ, «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті құжаттардың саны 5-тен  3-ке дейін қысқартылады.

Қажетті құжаттардың саны қысқарады:

1) «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 11-ден 7-ге дейін;

2) «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 9-дан 5-ке дейін;

Министрлік мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай өзгерістер енгізілді.

- «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» электронды/қағаз нысаннан электрондық нысанға ауыстырылды;

- «Туберкулезге қарсы ұйымға анықтама беру» қағаз нысаннан электрондық нысанға ауыстырылды;

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтің қаулысы: «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» қағаз нысаннан электрондық/қағаз нысанға ауыстырылды;

Жол картасын орындау шеңберінде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру іске асырылуда:

- «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу»;

- «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу»;

- «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»;

 - «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру».

Электронды/қағаз нысанда көрсетілетін бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру (Балалар тағамы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бір терезе» тетігін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиев 2018 жылғы 19 наурыздағы бекітілген Жол картасына сәйкес «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі композиттік көрсетуге ауыстырылды;

Осыған байланысты 2018 жылғы 20 қарашада МОИП - №15042 бойынша жобасы Министрлікпен келісілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Бір өтінім негізінде электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиев 2018 жылғы 19 наурыздағы бекіткен Жол картасына сәйкес «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі композиттік көрсетуге ауыстырылды.

Министрлік екі мемлекеттік қызметті біріктіру бойынша Жол картасын бекітті: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» және «Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру» деген қызметтер бір «Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесіне  қатысуы және аударымдар және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы анықтамалар беру»  қызметіне біріктірілді, оны іске асыру мерзімі – 2019 жылғы желтоқсан.

Есеп беру кезеңінде Министрлік мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізді:

Тізілімнен алынып тасталды:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау (МӘМСҮД);

2. Жер учаскелерін бөлген кезде эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» (ҚДСК).

Тізілімге мынадай мемлекеттік қызметтер енгізілді:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына енгізу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау;

2. Жедел медициналық көмек көрсету;

3. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру;

4. Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру;

5. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісін беру;

6. Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу;

7. Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу;

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бөлігінде өзгерістер енгізілді:

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу;

2. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;

3. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беру;

4. Медициналық қызметке лицензия беру;

5. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;

6. Наркологиялық ұйымнан анықтама беру;

7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру;

8. Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру;

9. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;

10. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру;

11. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу;

12. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу;

13. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру.

2018 жылға арналған НҚА түзетулерін бекіту және енгізу

Министрлік медициналық және фармацевтикалық қызметтің, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы 46 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірледі.

Есеп беру кезеңінде «Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 83 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1. «Медициналық қызметке лицензия беру»;

2. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу»

3. Сондай-ақ көрсетілген бұйрық «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекітеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 287 бұйрығымен «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша стандарттар бекітілді:

- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандарттарын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы  № 20 бұйрығы).

- «Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру». («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандарттарын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы  № 20 бұйрығы).

- «Жедел медициналық көмек көрсету» («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-36 бұйрығы).

- «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру» («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                              27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-36 бұйрығы).

- «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы                      № ҚР ДСМ-36 бұйрығы).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша регламенттер бекітілді:

- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 235 бұйрығы).    

- «Медициналық қызметті тұтынушының сапасына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу туралы анықтаманы беру». («Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 235 бұйрығы).

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-28 бұйрығы әзірленді және бекітілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қарашадағы № 17746 тіркелді.

Сонымен бірге, Министрлік Тізілімде «жасырын» қызметтерді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

2018 жылғы 27 қыркүйектегі ВАК отырысында денсаулық сақтау саласындағы «жасырын» қызметтер қаралды.

Ұсынылған 9 «жасырын» қызметтердің Министрлік Тізілімге 8 «жасырын» қызметтерді енгізуді қолдады.

Тізілімге өзгерістер (Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жұмыс жобасында) бекітілмегенін атап өткен жөн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат

Мониторинг қорытындысы бойынша 2018 жылғы мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін 27 рет бұзылуына жол берілген:

Қаңтар айы - «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша ағымдағы жылғы қаңтарда 1 бұзушылық (Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті).

Анықтама:

 Тәртіп бұзу фактісі бойынша Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы (Ж. Құрманов) 20 АЕК айыппұл түрінде ӘҚБК 405-бабының 1-бөлігі бойынша рұқсат беру тәртібін және мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

Ақпан айы – «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 1 рет бұзылуы (Шығыс Қазақстан облысы бойынша Фармация департаменті);

Анықтама:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ФК департаментінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 9742 қаулысына сәйкес қайта ұйымдастыру себептері бойынша қызметтердің мерзімдердің бұзуына жол берілген, Департаменттің құжаттарын қайта рәсімдеу және басқа ғимаратқа көшу барлық интернет-ресурстар 2018 жылғы 5 ақпанда ажыратылды және 2018 жылғы 13 наурызда бағдарламалық жасақтам толық іске қосылды: Е-лицензиялау, ЭҚАБЖ, МОИП (АКМ-нің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 18-9/82/1 хаты);

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 668 бұйрығының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті орындау 2018 жылғы 13 наурызда негізделген бас тарту түрінде жүзеге асырылды.

Сәуір айы «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды

(рұқсат құжатын) беру» мемлекеттік қызмет бойынша 1 бұзушылық (Маңғыстау облысы бойынша Фармация комитетінің департаменті).

Анықтама:

Барлық бұзушылық фактілері бойынша тәртіптік шаралар қабылданды:

1) С.Бекбауова, Маңғыстау облысы бойынша ФК департаментінің бас маманы, «ескертулер» түрінде (2018 жылғы 16 мамырдағы № 22 ж/қ бұйрығы).

2) Р. Саурбаева, Маңғыстау облысы бойынша ФК департаменті, «ескертулер» түрінде (2018 жылғы 16 мамырдағы № 22-ж/қ бұйрығы).

Мамыр айы Фармация комитеті бойынша 21 бұзушылық:

«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды

(рұқсат құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 6 бұзушылық;

«Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 15 бұзушылық.

Анықтама:

Барлық бұзушылық фактілері бойынша тәртіптік шаралар қабылданды:

ҚР ДСМ ФК Фармацевтикалық қызмет және интеграция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқарма басшысының міндетін атқарушы Р.Өтеев - «сөгіс» түрінде (2018 жылғы 6 маусымдағы № 15 ж/қ бұйрығы).

Қазан айы – 2 бұзушылық.

«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 1 бұзушылық (Фармация комитеті).

Анықтама:

Фармация комитеті 2018 жылғы 12 қазанда сағат 15-00-ден 18-30-ға дейін «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің қол жетімді болмауының себептері бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімін бұзды. Пайдаланылған жабдықтың дұрыс жұмыс істемеу себептері бойынша  НИКАД № KZ12RAK00049897 өтініші бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелмеген «IX.k» ЖШС (рұқсат құжаты) мемлекеттік қызмет көрсетілуі белгіленген мерзімде ұсынылмаған.

МҚІСҚА Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы ҚДСД-де «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылғанын анықтады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға уақтылы бермегені үшін кеңсе маманы Д. Б. Жүсіпова «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2018 жылғы 6 қарашадағы № 340 н/к ж/қ бұйрығы).

Қазан айында Павлодар облысы ҚДСД-нің Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 1 бұзушылық анықталды (нөмірі                         № KZ01RBР00139172).

Аталған бұзушылық «Е-лицензиялау» АЖ-де мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің дұрыс белгіленбеу себебінен туындады. Өтініш 2018 жылғы 11 қазанда түскен, ақпараттық жүйеде орындау мерзімі 2018 жылғы 24 қазан болып (10 жұмыс күні) дұрыс белгіленбеген, алайда ҚР ДСМ 2017 жылғы                  № 217 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күні. Негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2018 жылғы 30 қазанда мерзіміне сәйкес (14-ші жұмыс күні) берілген. Осылайша № KZ01RBР00139172  өтініші бойынша осы қызметті көрсетуде мемлекеттік қызметті берушінің кінәсі дәлелденбеді, болған бұзушылықтың себебі «Е-лицензиялау» АЖ-дегі техникалық проблема (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің дұрыс белгіленбеуі) себебінен болып табылады.

Осыған байланысты, Комитет ағымдағы жылғы 31 қазанда № 19-3/1391-И хатпен «Е-лицензиялау» АЖ-дегі техникалық проблемаларға қатысты, ақпараттық жүйедегі мерзімнің мемлекеттік көрстілетін қызмет стандартына сәйкес келмеуі бойынша АКМ-ге хат жолданды;

Қараша айы - Павлодар облысы ҚДСД-де KZ83RBN00333022 нөмірлі  өтініш бойынша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызметін көрсетуде 1 бұзушылыққа жол берілді. Жол берілген бұзушылық үшін жауапты лауазымды тұлға персоналды басқару қызметінің басшысы А. Қ. Бейсенова «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды ((2018 жылғы 19 желтоқсандағы№ 19-28-3-05-804-ө бұйрығы).

Есеп беру кезеңінде тексерілген МҚІСҚА «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат құжатын) беру» және «Фармакологиялық және дәрiлік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» (Фармация комитеті) мемлекеттік қызмет көрсетудегі 2 негізсіз бас тартуларды айқындады: хаттамалар жасалды, әкімшілік айыппұл түрінде жаза берілді.

Сондай-ақ, «Olimp Medical Group» ЖШС-ға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізделген бас тарту фактісі бойынша Астана қаласы Есіл ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.А.Жүргенбаева және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Г.Ш.Иханбаева тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оларға сәйкесінше қатаң сөгіс және сөгіс жарияланды (2018 жылғы 20 ақпандағы №41 бұйрық). Бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мәселелері бойынша шағымы заңды тұлғаның өтініші ретінде тіркелді және орындалу мерзімі күнтізбелік 15 күн деп айқындалған. Осыған байланысты, өтініш беруші жауабының мерзімі 3 жұмыс күніне бұзыла отырып, берілген.

Қазіргі уақытта, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы дұрыс қолданбағаны және өтінішті орындау мерзімдерін айқындау үшін жауапты қызметкерді 2018 жылғы 14 тамызда өз еркімен жұмыстан шығуына байланысты, жауапкершілікке тарту мүмкін болмай отыр.

«Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бұзып, тәртіп бұзушылық жасағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Көкпекті аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының башысы Г.К.Әбдірасылова «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2018 жылғы 1 қарашадағы № 803ж/қ бұйрығы).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды хабардар ету бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу.

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды хабардарлығын арттыру бойынша 1 732 іс-шара жүргізілді, 307 125 адам қамтылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ҚДСК 4 қызметкері және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің 11 қызметкері (Атырау облысы) және Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелерінің 2 қызметкері (Павлодар және Солтүстік облысы) және Фармация комитетінің 1 қызметкері біліктілікті арттырудан өтті.

 

Орналастырылған: 11.01.2019
Жаңартылған: 19.03.2019

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы