Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша 2017 жылғы есебі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижесі бойынша 2017 жылғы қортынды есебіне талдамалық анықтама

 

1. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

2017 жыл жұмысын тексеру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер бойынша Министрлікте тексерулер жүргізілген жоқ.

2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелерін сапасын мониторингтеу туралы ақпарат.

Министрліктін қызметін тиімділігін жалпы бағалау үшін ұсыныстар мен ескертпелерді нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының көрсеткіштерің жақсарту жөніндегі іске асыру үшін жалпы бағалау жылдық жоспар әзірленген және бекітілген.

Жыл сайын халықтың қажеттілігінде денсаулық сақтау саласының қызметін тұтынушылар саны артып келеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік), фармация (бұдан әрі - ФК), медициналық қызметке ақы төлеу, қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері (бұдан әрі - ҚДСК), және олардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік көрсету қызметтерді беруші болып табылады.

Министрлікпен медициналық, фармацевтикалық, халықтың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығы салаларында

39 мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірледі.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсететін қызметтер халыққа орталық және жергілікті атқарушы органдармен ұсынады.

2017 жылы мемлекеттік көрсету қызметтері -39, оның ішінде электрондық түрде 4- мемлекеттік қызмет, электрондық / қағаз нысанында 18 мемлекеттік қызмет, 17 мемлекеттік қызмет қағаз нысанында.

Электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталында көрсетілген (ФК,ҚДСК мемлекеттік қызметтер).

Электрондық түрде ұсынылған 4 мемлекеттік қызметті Министрліктің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкімет» порталы мен «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады:

- «Электрондық үкімет» порталымен «Амбулаториялық-емханалық көмек» ақпараттық жүйесін интеграциялау арқылы «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақыру» «электрондық үкімет» порталында көрсетіледі.

- «Электрондық үкімет» порталында «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» «электрондық үкімет» порталында көрсетіледі.

- «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында олардың қызметтерін аккредиттеу» «Электрондық үкімет» порталында «Медициналық қызметтердың спасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен интеграциялау арқылы көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы:

- Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (ҚДСК).

- бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру (ФК).

- фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру (ФК).

ҚДСК және оның аумақтық бөлімшелерімен Реестрге сәйкес

14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Олардың ішінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны 7:

1) Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу.

2) Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

3) Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру.

4) Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (бұдан әрі - жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру).

5) Патогендіктің І-ІV тобындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру.

6) Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

7) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру.

Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) «электрондық үкімет» порталы арқылы - 6, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 1, көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және балама түрде Мемкорпорация арқылы – 1 «Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» көрсетіледі.

Медицина саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны-7, оның ішінде Комитетпен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

1) Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу.

2) Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру.

3) Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру.

ҚДСК және оның аумақтық бөлімшелерімен 3 мемлекеттік қызмет

көрсетіледі:

1) Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру.

2) Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру.

3) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу.

Жергілікті атқарушы органдармен 1 мемлекеттік қызмет атқарылады:

1) Медициналық қызметке лицензия беру.

Есепті кезеңде ҚР ДСМ-нің мынадай бұйрықтары бекітілді:

1) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2017 жылғы 28 сәуірде № 217 (ҚРӘМ 2017 жылғы 13 шілдеде № 15217 тіркелген).

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2017 жылғы 26 шілдеде № 557 (ҚРӘМ 2017 жылғы 18 тамызда № 15510 тіркелген).

3) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 69 (ҚРӘМ 2017 жылғы 15 қазанда

№ 15914 тіркелген
).

4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы

30 қарашадағы № 908 (ҚРӘМ 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 16106 тіркелген).

5) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 496.

6) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 856.

Бекітілген стандарттарға сәйкес екі мемлекеттік көрсететін қызметтердің мерзімі:

- «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» 15 күннен 7 күнге дейін.

- «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» 15 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.

Патогендіктің І-ІV тобындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша құжаттарды қызмет берушінің кеңсесі арқылы қабылдау алып тасталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінң 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына мемлекеттік қызметтер тізіліміне 2 қызмет енгізілді:

- «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу».

- «Жер учаскелерін бөлген кезде эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру».

Бұдан басқа, 7 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қызмет берушінің кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау және беруді алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік органдарда (ҰЭМ, АКМ) келісілуде.

Есепті кезеңде дәлелсіз негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.

«Мониторинг» ықпалданған ақпарат жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер мерзімдерінің бұзылуын анықтау мақсатында АЖ-мен бірлесіп әр ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер мониторингі бойынша салыстыру жүргізіледі.

Мониторинг қорытындысы бойынша 2017 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтерден 7 қызметтің көрсету мерзімі бұзылғаны анықталды («Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметі-6, Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруде-1).

Оның ішінде 5 бұзушылықтар Оңтүстік Қазақстан облысы ҚДСБ аудандарымен (Сарыағаш – 1, Ордабасы – 2, Мақтаралы – 1, Бәйдібек - 1), Оңтүстік Қазақстан облысы департаментімен -1, Алматы облысы ҚДСБ Сарқанд ауданымен – 1 жіберілді.

2017 жылғы желтоқсан айының «Мониторинг» ықпалданған ақпарат жүйесі арқылы мәліметтерді салыстыру жұмысы аяқталған жоқ.

Барлық бұзушылық фактыларына жауапкершілікке тарту шаралары:

1) Сарыағаш аудандық ҚДСБ басшысы С. Оразымбетовқа «сөгіс» түрінде (2017 жылғы 27 ақпандағы № 180-ж/қ бұйрығы).

2) Ордабасы аудандық ҚДСБ басшысының м.а. Т. Айтуганға екі бұзушылық фактілеріне «сөгіс» түрінде (2017 жылғы 5 ақпандағы№ 261-ж/қ бұйрығы).

3) Мақтаралы аудандық ҚДСБ басшысының м.а. М. Бейсенбаеваға «ескерту» түрінде (2017 жылғы 27 ақпандағы № 13-ж/қ бұйрығы).

4) Бәйдібек аудандық ҚДСБ басшысының м.а. К. Кудайбергеноваға «сөгіс» түрінде (2017 жылғы 11 ақпандағы № 285-ж/қ бұйрығы).

5) Сарқанд аудандық ҚДСБ басшысының м.а. А. Чарапиевқа «ескерту» түрінде (2017 жылғы 12 ақпандағы № 95-ж/қ бұйрығы).

6) Астана қаласы ҚДСБ Алматы ауданы басшы орынбасары

Г. Шапатаеваға «ескерту» түрінде (2017 жылғы 4 шілдедегі № 83-ж/қ бұйрығы).

7) Г. Умбеталиеваға «сөгіс» түрінде (2017 жылғы 2 қазандағы № 592-ж/қ бұйрығы) қабылданды.

Бұйрықтардың көшірмелері а.ж. 3-тоқсан есебімен қоса ұсынылды.

Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету сапасына Қарағанды облысында 5 шағым келіп түсті, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар берілгені үшін наразылық білдірді. Дәлелдері арыздарда көрсетілген: 17.07.2017ж. № 5569/25510 «Кселл» АҚ арызы Департаментпен қаралған;24.08.2017ж. № 228 «ПроектТелекомСервис» ЖШС және 25.08.2017ж. № 229 арыздары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы және Департаментпен расталмаған. 2 шағым (08.09.2017ж.№ 2-0820-17-00988 және 07.09.2017ж.№ 2-0820-17-00983) қызметтік жазбасын қарау барысында.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша ҚДСК оның аумақтық бөлімшелерінің 246 мамандары біліктік санатын көтеруден өтті (Ақтөбе облысы – 12, Атырау – 15, Қарағанды- 42, Қостанай – 36, Қызылорда – 9, Павлодар – 16, Солтүстік Қазақстан -3, Оңтүстік Қазақстан облысы – 111, Көліктегі департаментте - 2).

ФК және және оның аумақтық бөлімшелерімен Реестрге сәйкес

9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

ФК және және оның аумақтық бөлімшелерімен – мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелу (шығару) бойынша келісім және (немесе) қорытынды (рұқсаттама құжаттар) беру;

2) Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешім беру (2017 ж. – 0);

3) Фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға клиникалық зерттеулеулер және сынақтар жүргізуге рұқсат беру;

4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу;

5) Фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік санатық бойынша куәлік беру.

Жергілікті атқарушы органдармен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;

2) Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру.

Екі жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді.

1) Фармацевтикалық өнімге сертификат беру;

2) Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы туралы қорытынды беру (ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК).

- жергілікті деңгейде (ЖОО) – 2:

7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған, 2 мемлекеттік қызмет түрі қағаз түрінде көрсетіледі.

Есепті кезеңде ҚР ДСМ-нің мынадай бұйрықтары бекітілді:

1) «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 533 бұйрығы (ҚР ӘМ 2017 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді);

Бекітілген стандарттарға сәйкес 3 мемлекеттік көрсететін қызметтерді көрсету мерзімі:

- «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» 7 күннен 5 күнге дейін.

- «Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізуге рұқсат беру» 10 жұмыс күннен 10 күнтізбелік күнге дейін.

- «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» 10 жұмыс күннен 7 жұмыс күнге дейін қысқартылды.

Есепті кезеңде дәлелсіз негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.

«Мониторинг» ықпалданған ақпарат жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер мерзімдерінің бұзылуын анықтау мақсатында ҚДСК «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп әр ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер мониторингі бойынша салыстыру жүргізіледі.

Мониторинг қорытындысы бойынша 2017 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтерден 2 қызметтің көрсету мерзімі бұзылғаны анықталды («Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметі - 1, «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» - 1).

Оның ішінде 1 бұзушылықтар Атырау облысы бойынша ФК аумақтық бөлімшесі жіберілді.

2017 жылғы желтоқсан айының «Мониторинг» ықпалданған ақпарат жүйесі арқылы мәліметтерді салыстыру жұмысы аяқталған жоқ.

Барлық бұзушылық фактлеріне жауапкершілікке тарту шаралары:

8) Р.А. Өтеев, Комитеттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас сарапшысы «ескерту» түрінде (2017 жылғы 27 шілдедегі № 9-ж/қ бұйрығы);

9) А. Аманғалиева, Комитеттің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы (2017 жылғы 14 шілдедегі № 19-ж/қ бұйрығы);

Бұйрықтардың көшірмелері а.ж. 3-тоқсан есебімен қоса ұсынылды.

Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету сапасына наразылық білдіргендер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша Комитеттің және аумақтық бөлімшелерінің мамандары 2017 жылы біліктік санатын көтеру өткен жоқ.

2017 жылғы 30 қарашадағы өткен ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырыс хаттамасына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөнінде Министрлікке «Жер учаскелерін бөлген кезде эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметті автоматтандыру тапсырмасы берілген.

Осы мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.

Қазіргі кезде Министрлік осы мемлекеттік қызмет бойынша стандарты мен регламентін бекіту бойынша жұмыстар заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілгенін хабарлаймыз.

Жоғарыда аталған қызметті автоматтандыру үшін «электрондық лицензиялау» (www.elicense.kz.) порталында жүргізуді іске асыру үшін қызметті «Санитариялық-эпидемиологиялық қортынды» кіші қызмет түрі ретінде осы қызметті іске асыруды ұсынамыз.

Сонымен қатар, Министрлік ҚР АКМ (2017 жығы 13 желтоқсандағы

№ 08-5/27966//17-3/05-1845 (5.3 т.) шығыс хатымен)
қосымша «электрондық үкімет» порталындағы 2 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бастау ұсынысы жіберілген.

1) «Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру»;

2) «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу».

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері бойынша

Министрлік мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде Министрліктің ақпараттық жүйелерін медициналық ұйымның анықтамасын беру, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы (анықтама) парағын беру жөніндегі «электрондық үкімет» порталымен интеграциялауды, сондай-ақ диспансерде болған жағдайда немесе болмаған жағдайда жеке адам туралы мәліметтерін тексеру қызметтерін интеграциялауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр (Туберкулезге қарсы / наркологиялық / психоневрологиялық ұйымдар).

Жоғарыда аталған іс-шаралардың шеңберінде мемлекеттік қызметті оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірлеген Ақпарат және коммункациялар министрлігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев бекітті.

Министрліктің барлық ақпараттық жүйелері «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес 2015 жылғы 24 қарашасында ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне аттестациядан өтіп, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға» сәйкес келеді.

Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылы «электрондық үкімет» порталын қоса алғанда МОБ КО-ның бөлінген қосылыстары арқылы шифрлау технологияларын қолдана отырып жүреді.

Барлық берілетін және алынатын деректерге сұранымдардың орнын ауыстыруды болдырмау үшін және жіберілген ақпараттардың дұрыстығы үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

Министрліктің мамандары ИБ талаптарын қамтамасыз ету үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, сонымен қатар, Министрліктің ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде ИБ инциденттерге әрекет ету бойынша жетіспеушіліктерін табу бөлігінде Министрліктің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік пен құқықтарды беру.

3.Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі ақпаратын беру бойынша түсіндіру шараларын жүргізу. Есепті кезеңде сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

3 селекторлық отырыстары (2017 жылы 28 наурызда Комитеттің төраға орынбасары Р. Қуанышбекова төрағалығымен және 2017 жылы 30 наурызда, 10 маусымда денсаулық сақтау Вице-министрі А. Цой төрағалығымен жүргізілді.

4.Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы қызмет алушылардың ақпараттануын арттыру бойынша

іс-шаралар:

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ҚДСК аумақтық Департаменттері 96178 адамның қатысуымен 1132 іс-шара өткізілді.

Орналастырылған: 15.02.2018
Жаңартылған: 30.03.2018

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы