Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР ААС 64-2017 «Электрондық денсаулық сақтау. 3-бөлім. Клиникалық және әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың есептік тіркеу өткізілді

2017 жылғы 10 қаңтарда ҚР ААС 64-2017 «Электрондық денсаулық сақтау. 3-бөлім. Клиникалық және әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» Қазақстан Республикасының алдын ала ұлттық стандарты ҚР ИДМ-нің Техникалық реттеу және метрология комитетіндегі техникалық реттеу мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркеуден өтті. Алдын ала стандарт электрондық денсаулық төлқұжаты арқылы стандартталған және үйлесімді науқас туралы ақпаратты алмасуды қамтамасыз ету үшін қажетті клиникалық және әкімшілік деректерін жинауға арналған реттеу талаптарын белгілейді.

2015 жылда ҚР ААС 49-2015 «Электрондық денсаулық сақтау. 1-бөлім. Электрондық денсаулық паспорты» және ҚР ААС 50-2015 «Электрондық денсаулық сақтау. 2-бөлім. Электрондық медициналық жазба» негізгі стандарттар бекітілді.

Ағымдағы жылы 83 Техникалық комитетінің Жұмыс жоспары шеңберінде "Электрондық денсаулық төлқұжаттың функционалдық моделі" алдын ала ұлттық стандарт әзірлеуін қамтамасыз етуі жоспарланып отыр.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы