Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасындағы жалпы хирургиялық (абдоминальды), торокальды, колопроктологиялық) көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасында жалпы хирургиялық (абдоминальдық, торокалдық, колопроктологиялық) көмекті көрсетуді ұйымдастырудың қоса берілген стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамамен бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелері баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Республикалық Құқықтық акпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігің заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

1. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаевқа жүктелсін.

2. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

 

Орналастырылған: 20.12.2017
Жаңартылған: 24.04.2018

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы