Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасында жұқпалы аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың Стандартын бекіту туралы

«Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2009 жылғы 18 қыркүйегінің 7-бабының 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасында жұқпалы аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту.

2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментіне заң жүзінде белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз ету:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ  және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5)  осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Зан қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген   іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Актаевқа жүктелсін.

4.Осы бұйрық оны алғаш рет жариялаған күннен он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

Орналастырылған: 20.12.2017
Жаңартылған: 30.03.2018

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы