Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасында психикалық денсаулықты қорғау қызметімен медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7 бабының 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Тіркелген Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық қорғау қызметімен медициналық көмек көрсетуде ұйымдастыру Стандартын бекіту.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментімен қамтамасыз ету:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі баспа және электронды түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуге;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуге;

4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруға;

5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Заң қызметі Департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуға.

3.  Келесі бұйрықтарды күшін жойған деп тану:

1)  «Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек көрсету Стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13404 болып тіркелген);

2)  «Қазақстан Республикасында наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 188 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9427 болып тіркелген);

3) «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдарды есепке алу, қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндеттерін атқарушының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 814 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5954 болып тіркелген);

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрінің Л.М.Актаевка жүктеу.

5. Осы бұйрық оны бірінші ресми жариялаудан соң бір күннен кейін он күнтізбелік күн өтісімен әрекетке енгізіледі, Стандарттың 11 тармағының 2, 3  тармақшалары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетке енгізіледі.

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы