Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы ИСО халықаралық стандарттары қабылданды

2015 жылғы 19 маусымда ISO/HL7 21731:2014 «Денсаулық сақтау саласындағы информатика: - HL7 3-нұсқа-Эталондық аппараттық модель - 4-шығарылым» және ISO 10781:2015 «Денсаулық сақтаудың аппараттық жүйелері – Электрондық медициналық жазбалар HL7 жүйелік функционалдық үлгі, 2-ші шығарылым» (ЭМЖ ФУ) халықаралық стандарттары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Техникалық реттеу және метрология комитеті» ММ-де есептік тіркеуден өтті (МЕМСТАНДАРТ). ISO/HL7 21731:2014 стандарттың тіркеу нөмірі - 022/2492, ISO 10781:2015 стандарттың тіркеу нөмірі - 022/2493.

Есептік тіркеу Қазақстан Республикасының интероперабельдік және денсаулық сақтауды ақпараттандыру платформасын жүзеге асыру үшін осы стандарттардың қабылдауы құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

ISO/HL7 21731:2014 халықаралық стандарт денсаулық сақтау ақпараттың бәрін сыйдыратын үлгісінде негізделген. Эталондық ақпараттық моделдің абстрактылы стилі және оны шарттарын анықтау мүмкіндігімен кеңейтуі кез келген ықтимал денсаулық сақтау ақпарат жүйесінің алмасу сценарийі үшін бұл ақпарат моделін қолданыста болуын қамтамасыз етеді.

ISO 10781: 2015 халықаралық стандарт электрондық денсаулық паспорт жүйесінде болуы мүмкін қызметтер сілтемелер тізімін береді.

Есепке алу рәсімі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық, өңірлік стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттарын, шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда есепке алу және қолдану қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы