Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.    

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 050020, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей Жәнібек хандар көшесі, 440.   

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: 1 (бір) жастан бастап 16 (он алты) жасқа дейінгі балаларға жоғары білікті мамандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесі;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.

2. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін түрде);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

Конкурстың өткізілу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Үміткердің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы