Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 7 тамыздағы № 486 бұйрығы "Ана өлімін төмендету және оның алдын алу бойынша өңірлерге әдістемелік және практикалық көмекті көрсетудің кейбір мәселелері туралы"

Ана өлімін төмендету және

оның алдын алу бойынша

өңірлерге әдістемелік және  

практикалық көмекті

 көрсетудің кейбір

мәселелері туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ана өлімін төмендету және оның алдын алу бойынша өңірлерге әдістемелік және  практикалық көмек  көрсету үшін республикалық медициналық ЖОО-лар бекітілсін.

2.«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 95-бабының талаптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары  (келісім бойынша) көмек көрсету үшін медициналық ЖОО-ларды тартуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау  вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4.  Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің міндетін атқарушы                                            А. Цой

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

                                                              2018 жылғы _______ 

№ _____ бұйрығымен

бекітілген

Ана өлімін төмендету және оның алдын алу бойынша өңірлерге әдістемелік және  практикалық көмекті  көрсету үшін республиканың медициналық ЖОО-ларын бекіту

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі-ШЖҚ РМК)

-

Алматы, Маңғыстау облыстары,

 Алматы қаласы

«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі- АҚ)

-

Солтүстік  Қазақстан, Ақмола облыстары,   Астана қаласы

«Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК

-

Қарағанды, Қостанай облыстары

«Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК

-

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК

-

Батыс Қазақстан,  Атырау, Ақтөбе облыстары

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті»  АҚ (келісім бойынша)  

-

Жамбыл, Қызылорда облыстары 

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (келісім бойынша)

-

Түркістан облысы,  Шымкент қаласы

 

Орналастырылған: 13.08.2018
Жаңартылған: 13.08.2018

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы