Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қаржы департаменті туралы Ереже

Қаржы департаменті туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Экономика және қаржы департаменті келесі басқармалардан құралады:

1) Жиынтық бюджет және талдау басқармасы;

2) ТМККК трансферттерін жоспарлау және жергілікті бюджеттермен өзара-іс қимыл басқармасы;

3) Тариф қалыптастыруды жетілдіру басқармасы;

4) Бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасы;

5) Қаржы міндеттемелерін орындауды бақылау басқармасы.

 

  1. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,  құқықтары мен міндеттемелері

 

  1. Міндеті: Министрліктің бюджетін қалыптастыру және бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыруды және денсаулық сақтау саласында тариф саясатын қалыптастыру.

Функциялары:

  1. Министрліктің құзыретіне жатқызылған, азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  2.       Министрліктің бюджетін қалыптастыру және бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыруды және оның мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;
  3. Орталық аппараттың бухгалтерлік есебі мен есептілігін мен Министрліктің территориялық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру,     бухгалтерлік есеп жүргізуді және Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі ұсынған әдістемелік нұсқаулар мен  қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бағынысты ұйымдардың жиынтық есебін уйлестіруді;
  4. Бюджеттік қаражатты басқару бойынша мемлекеттік мекеменің іс-әрекетін жыл сайын бағалау жүйесін енгізу бойынша іс-шараларады қамтамасыз ету.
  5. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) жүйесінде  көрсетілетін медициналық қызметке тариф қалыптастыру әдістерін жетілдіру;
  6. құрылымдық бөлімшелер мен Министрлік ведомстваларының, бағынысты және басқада медициналық ұйымдардың ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін тарифті қайта қараумне жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарау процесін үйлестіру және тәртібін әзірлеу;
  7. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін тарифті қайта қараумне жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарау процесін үйлестіру және тәртібін әзірлеу.
  1. Міндеті:

Департамент құзыреті жатқызылған азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

Функциялары:

  1.      Департамент құзыреті шеңберінде Министрліктің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
  2. Министрліктің Стратегиялық жоспарының бағыттарына сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруды және іске асыруды ұйымдастырады;
  3. азаматтардың денсаулығын қорғау саласында республикалық бюджеттің қалыптасуымен орындалу мәселесі бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен іс-қимыл жасау;
  4. Департамент құзыреті шеңберінде азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесі бойынша қаржыны мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыру;
  5. Министрліктің бюджеттік өтінімін алдағы қаржылық кезеңге  қалыптастырады, сонымен қатар, республикалық бюджетті ағымдағы кезеңге нақтылауға қатысады;
  6. бюджеттік қаражаттың игерілуіне мониторинг және талдау жасауды;
  7. Министрліктің бюджеттік бағдарламалары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеуді және бекітуге/түзетуге ұсынады, сонымен қатар оның орындалуын қадағалайды;
  8. Қазақстан Республикасы заңнамаларының белгіленген талаптарына сәйкес, бекітілген бағдарламалардың (іс-шаралар) жүзеге асыруын қамтамасыз етеді (орындалуы);
  9. нысаналы ағымдық трансфертті жоспарлау және оны Қазақстан Республикасы заңнамаларының белгіленген талаптарына сәйкес, жүзеге асыру;
  10. міндеттемелер мен төлемдер бойынша нысаналы трансферттердің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді және бекітуге/түзетуге ұсынады, сонымен қатар оның орындалуын қадағалайды;
  11. Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарын дайындауға қатысады, және бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар (іс-шаралар) бойынша орындалуын қамтамасыз етеді;
  12. орталық аппарат пен Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің бухгалтерлік есебімен есептілігін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  13. бухгалтерлік есеп бойынша құжаттардың сақталуымен бекітілген тәртіпте мұрағатқа тапсыруын қамтамасыз етеді;
  14. республикалық мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалар ішінде дебиторлық және кредиторлық берешектің пайда болуына талдау жүргізеді;
  15. Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен орталық аппараттың қаржылық, салықтық, есептілігін әзірлейді және тапсырады, тартылған қарыздар бойынша республикалық бюджетті қаржыландыру мәселесі бойынша, бекітілген мерзіммен нысанына сәйкес мемлекеттік активті басқару;
  16. бухгалтерлік есеп әдістерімен нысандарын бұдан әрі дамыту іс-шараларын жүргізеді;
  17. Бюджеттік қаражатты басқару бойынша мемлекеттік мекеменің іс-әрекетін жыл сайын бағалауға талдау жасайды;
  1. Департаменттің құқықтары:
  1. бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
  2. Министрлік пен оның ведомствосында құрылатын және қайта құрылатын, өткізілетін  іс-шараларға қатысу;
  3. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті деректерді, анықтамаларды, түсіндірмелерді, ақпаратты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволардан, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан белгіленген тәртіппен сұрау және алу;
  4. министрліктің ведомстваларымен құрылымдық бөлімшелеріне орындауға міндетті  алғашқы бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеуге, есепті ұйымдастыруды, есептілікті,дайындауға тапсырма береді;
  5. департамент құзыреті шеңберінде семинарлар, кеңестер және табы басқа іс-шаралар өткізеді;
  6. комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарының құрамына кіруге;
  7. министрлік және оның ведомстваларында өткізіліп және құрылып жатқан іс-шараларға қатысуға;
  8. департаментке қойылған міндеттерді шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және басшылықтың қарауына енгізу;
  9. департаменттің жұмысын жетілдіру бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
  1. Департаменттің міндеттері:
  1. оның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау;
  2. Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының, заң жобалау жұмыстары жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
  3. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
  4. тауар, қызмет, жұмыс үшін мемлекеттік сатып алудың келісім шарттарын уақтылы тіркеу;
  5. республикалық бюджеттік бағдарламаларды  уақтылы қаржыландыру;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департамент өзінің өкілеттігі шегінде заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндеттер мен функцияларды іске асыруды жүзеге асырады..
  2. Департаментті директор басқарады. директорды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты хатшы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  3. Директор Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өздерінің функцияларының жүзеге асырылуына жауапты болады.
  4. Департаент директоры құрылымының өзгеруі және штат кестесін жасау бойынша ұсыныстарды Министрлік басшылығына береді.
  5. Департамент директоры осы мақсатта:
  1. Департамент білікті мамандармен жабдықтап, және олардың кәсіби деңгейінің өсуін қамтамыз етеді;
  2. Орынбасарларының міндеттерімен құзырын анықтайды;
  3. Департамент құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттерімен құзырын анықтайды;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
  1. Директорда екі орынбасар болады. Ол директордың орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты хатшы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  2. Департамент директорының орынбасарлары:

     1. Өз құзыреттері шегінде департамент қызметін үйлестіреді;

  1. Орынбасарлардың біреуі Директордың тапсырмасы бойынша директорды орнында болмаған кезде алмастырады. Департаменттің жалпы қызметін басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындайды және атқарылған жұмыс үшін жеке жауап береді.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
  1. Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімдерге жіберілген құжаттарға директор қол қояды, директор жоқ болса оны алмастыратын тұлға қол қояды.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы