Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ішкі бақылау қызметінің 2014 жылғы IV тоқсандағы қорытындысы

Қазақ онкология және радиология  ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РМК)

Тақырыптық бақылау ағымдағы жылғы қыркүйек айында 017 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша  – Алматы қаласындағы «каньон» құрылғысын реконструкциялауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану мәселесі бойынша, сатып алулар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық тәртібіне бақылау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ҚР заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық  актілерінің сақталуына бақылау жүргізілді.

Бақылау кезінде есеп бойынша қалпына келтіруге жататын 3331,8 мың теңге сомадағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде РМК, бақылау барысында 2 438,1 мың теңге соманы қалпына келтірді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар бойынша мемлекеттік сатып алулар қорытындысына ықпал етпеген 2 594,0 мың теңге сомадағы бұзушылықтар анықталды.

РМК-ға бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға, есеп бойынша 893,7 мың теңге сомадағы бұзушылықты қалпына келтіруге және белгіленген тәртіпте кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Бақылау объектісі ұсынысқа сәйкес анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойды, бұзушылық сомалары қалпына келтірілді. Бұзушылықтарға жол бергені  үшін РМК-нің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығына және инженеріне  ескерту жарияланды.

«Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ (бұдан әрі – ММ)

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына сәйкестікке кешенді бақылау 2014 жылғы қазан айында жүргізілді.

Бақылау кезінде 46 547,2 мың теңге жалпы сомада рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 17 558,6 мың теңге сомадағы қаржылық тәртіпті бұзушылықтар және 128,8 мың теңге сомадағы бухгалтерлік есеп жүргізу кезіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша 28 222,4 мың теңге сомадағы мемлекеттік сатып алу қорытындысына ықпал етпеген бұзушылықтар анықталды. 

ММ-ге бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, белгіленген тәртіпте аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығын қараға ұсыныс жіберілді.

Бақылау объектісі ұсынысқа сәйкес бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді бақылауға алды және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін шаралар қабылдады. Бұзушылықтарға жол бергені үшін ММ-нің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ақы төлеу бөлімінің бас маманына ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды.

«Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ (бұдан әрі – ММ)

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына сәйкестікке кешенді бақылау 2014 жылғы қазан айында жүргізілді.

Бақылау кезінде 67 248,7  мың теңге жалпы сомаға рәсімдік сипаттағы және мемлекетке зиян келтіруге әкеп соқтырмаған бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 60 192,0  мың теңге сомадағы қаржылық тәртіпті бұзушылықтар және 7 056,7 мың теңге сомадағы бухгалтерлік есеп жүргізу кезіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

ММ-ге бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, белгіленген тәртіпте аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Бақылау объектісі ұсынысқа сәйкес анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін ММ-ның бухгалтеріне сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды.

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РМК)

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына сәйкестікке кешенді бақылау 2014 жылғы қараша айында жүргізілді.

Бақылау кезінде мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша 20 618,9 мың теңге сомадағы мемлекеттік сатып алу қорытындысына ықпал етпеген бұзушылықтар анықталды.

Бақылау қорытындысы бойынша  РМК 12 595,7 мың теңге соманы бюджетке қайтарды, есеп бойынша 4 388,9 мың теңге қалпына келтірілді.

РМК-ға бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, белгіленген тәртіпте аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Бақылау объектісі ұсынысқа сәйкес бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді бақылауға алды және алдағы уақытта оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдады.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін университеттің 13 қызметкеріне сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды.

Бақылау объектісі бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» ММ (бұдан әрі -ММ)

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына сәйкестікке кешенді бақылау 2014 жылғы желтоқсан айында жүргізілді.

Бақылау кезінде 219 238,6  мың теңге жалпы сомадағы қаржылық тәртіпті бұзушылықтар анықталған,  оның ішінде 2 501,6  мың теңге сома қайтарылуға, 200 332,9  мың теңге сома есеп бойынша қалпына келтірілуге тиіс, оның бақылау кезінде 199 257,9 мың теңгесі қалпына келтірілді.

ММ-ге бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға,  анықталған бұзушылықтар бойынша соманы өтеуге және қалпына келтіруге, белгіленген тәртіпте аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Бұзушылықтарға жол берген үшін ММ-нің  диагностикалық зертханасының басшысы мен зертханашысына сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды.

Бақылау объектісі бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

«Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрі - РМҚК)

РМҚК-ның даму жоспарын орындау мәселесі бойынша және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестікке тақырыптық бақылау 2014 жылғы желтоқсан айында жүргізілді.

Бақылау кезінде 11 045,2 мың теңге жалпы сомадағы қаржылық бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 683,7 мың теңге сома өтелуге тиіс, есеп бойынша 368,0 мың теңге сома қалпына келтірілуге тиіс, сондай-ақ 13 903,3 мың теңге сомадағы мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындысына ықпал ететін 2 127,1  мың теңге сомадағы бұзушылықтар анықталды.

Бақылау барысында РМҚК-ның есеп шотына 368,0 мың теңге бұзушылық сомасы қалпына келтірілді.

РМҚК-ға бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, анықталған бұзушылық сомаларын өтеуге және қалпына келтіруге, белгіленген тәртіпте аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Бақылау объектісі бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бақылау жүргізу барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы