Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ішкі бақылау қызметінің 2014 жылғы II тоқсандағы қорытындысы

Ішкі бақылау департаментімен 2014 жылдың II тоқсанында бақылау шаралары жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) Астана қаласы және Шығыс Қазақстан филиалдарында бақылау іс-шараларын өткізді.

Тақырыптық бақылау аталған филиалдар мен бөлімшелері қызметінің ҚР нормативтік-құқықтың актілерге сәйкестігіне, 003 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар» және 005 «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар» бюджеттік бағдармалармен қарастырылған әлеуметтік төлемдерді қалыптастыру мен жүзеге асыруды, ЗТМО филиалы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты мен регламенттеріне сәкестігі мәселесі бойынша жүргізілді.

Астана қаласы филиалы бойынша Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандары бақылаумен қамтылып, 1 221,8 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталды. Бақылау қорытындысы бойынша Орталыққа және Филиалға белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныс жіберілді.

Шығыс Қазақстан филиалы бойынша бақылаумен Өскемен, Семей қалалары мен Абай ауданы бөлімшелері қамтылды. Бақылау нәтижесінде 6 402,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 440,6 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылуға, ал 234,0 мың теңге жәрдемақы алушылардың шотына аударылуға тиіс.

Бақылау қорытындылары бойынша Филиалдар жұмыстарын жалғастыруда.

Ішкі бақылау департаментінің қызметкерлерімен бақылау объектілеріне «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар» және «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар» бойынша арыздарды қабылдау, іс макеттерін қалыптастыру және төлемдерді жүзеге асыру талаптарын және басқа нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша іс жүзінде көмек көрсеттіі.

Сонымен қатар бақылау объектілерінің қызметінің жақсарту және бұдан былай бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсыныстар берілді.

 

Ішкі бақылау департаменті

 

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы