Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ішкі бақылау қызметінің 2014 жылғы I тоқсандағы қорытындысы

Ішкі бақылау департаментімен 2014 жылдың I тоқсанында бақылау шаралары жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы» Акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Орталық) және оның Семей және Петропавл филиалдарында бақылау іс-шаралары өткізілді.

Бақылау барысында 80 493,2 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бақылау нәтижесі бойынша бюджетке қайтарылуға тиісті сома 427,6 мың теңге. Бақылау қортындысы бойынша Орталыққа белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныс жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 8 факті бойынша уәкілетті органдарға жауапты тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану туралы материалдар жолданды.

Ұсынысқа сәйкес Орталықпен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, Орталық шотына 141,3 мың теңге сомасы қайтарылды, барлық ескертулер қабылданып сәйкестендірілді, барлық ұсынымдар қабылданып қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұзушылыққа жол берген 5 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бақылау қортындылары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ішкі бақылау департаментінің қызметкерлерімен барлық бақылау объектілеріне ҚР мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есепті және есептікті жүргізу туралы заңнамаларды және басқа нормативтік-құқыұтық актілерді сақтау бойынша іс жүзінде көмек көрсетіледі, сонымен қатар бақылау объектілерінің қызметінің жақсаруы және бұдан былау бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсыныстар беріледі.

Ішкі бақылау департаменті

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы