Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Электрондық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік стандарттау туралы қорытындысы

ҚР ДСӘДМ-нің «Респулбикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның негізінде Электрондық денсаулық сақтау саласындағы «Электрондық денсаулық сақтау» № 83 стандарттау жөніндегі техникалық комитеті жұмыс істейді, оның мақсаты электрондық денсаулық сақтау саласындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту болып табылады. Техникалық комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларды қолдану бойынша «Медициналық информатика – Денсаулық сақтау жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін терминдер – 1 бөлім: Негізгі терминдер» DIN EN 13940-1:2007 халықаралық стандарттың талаптарын ескере отырып «Электрондық денсаулық паспорты» және «Электрондық медициналық жазба» алдын ала ұлттық стандарттары әзірленді.

2015 жылы ҚР ИДМ-нің «Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» ММ-мен келісу, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-да стандарттар жобаларының сараптамасы, алдын ала ұлттық стандарттардың жобаларын денсаулық сақтау саласындағы мүдделі органдар және ұйымдармен келісіу жұмыстары жургізілді. Техникалық комитеті мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде «ДСДРО» РМ-ның негізінде 2015 жылғы 11 қарашада № 83 ТК-ның ІІ отырысында алдын ала ұлттық стандарттары бекітілген.

2015 жылғы 8 желтоқсанда ҚР ААС 49-2015 «Электрондық денсаулық сақтау. 1-бөлім. Электрондық денсаулық паспорты» және ҚР ААС 50-2015 «Электрондық денсаулық сақтау. 2-бөлім. Электрондық медициналық жазба» алдын ала ұлттық стандарттары ҚР ИДМ-нің Техникалық реттеу және метрология комитетіндегі техникалық реттеу мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркеуден өтті.

Ағымдағы жылы 83 Техникалық комитетінің қызметі шеңберінде клиникалық және әкімшілік деректерді жинауға реттейтін алдын ала ұлттық стандарт әзірлеуін қамтамасыз етуі жоспарланып отыр.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы