Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Электрондық денсаулық сақтау. 3 бөлім. Клиникалық және әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының «Электрондық денсаулық сақтау саласын дамыту және стандарттау бойынша одан әрі шаралар қабылдау» 152-тармағын орындау үшін DIN EN 13940-1:2007 «Медициналық информатика – Медициналық көмекті тұрақты қамтамысыз етуге арналған терминдер жүйесі – 1 Бөлім: Негізгі терминдер» неміс стандарттың талаптарын ескере отырып «Электрондық денсаулық сақтау. 3-бөлім. Клиникалық-әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасы (бұдан әрі – алдын ала стандарт) әзірленді.

Алдын ала стандарт электрондық денсаулық төлқұжаты арқылы стандартталған және үйлесімді науқас туралы ақпаратты алмасуды қамтамасыз ету үшін қажетті клиникалық және әкімшілік деректерін жинауға арналған реттеу талаптарын белгілейді.

Алдын ала стандарттың әзірлеуі және іске асыруы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын талдау және бағалау үшін ақпараттың үйлесімді жинауы, сондай-ақ есепке алу есеп беру құжаттамаларын қалыптастыру қамтамасыз етеді.

Алдын ала стандарт жобасы Министрліктің ресми интернет-ресурсында www.mzsr.gov.kz мекенжайы бойынша «Электрондық денсаулық сақтау» - «Жобалар» бөлімінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми интернет-ресурсында www.memst.kz мекенжайы бойынша «Құжаттар жобалары» – «Алдын ала ұлттық стандарттар жобасын талқылау» бөлімінде орналастырылған.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы