Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Электрондық денсаулық сақтау. 3 бөлім. Клиникалық және әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

«Электрондық денсаулық сақтау. 3 бөлім. Клиникалық және әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасын (бұдан әрі – алдын ала стандарт) жария талқылау процессі аяқталды, алдында бұл стандарттың жобасы Министрліктің ресми интернет-ресурсында www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми интернет-ресурсында memst.mid.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.

Осы іс-шара шеңберінде алдын ала стандарт денсаулық сақтау басқармалары, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, «Электрондық денсаулық сақтау» № 83 стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің мүше-ұйымдары, және басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен келісілген. Алдын ала стандарттың жобасын қарау және келісу қорытындылары бойынша келісуші органдардың қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстарын, сондай-ақ келісілмеген ескертулері мен ұсыныстарына дәлелді негіздеме енгізіліп, пікірлер жинағы дайындалды.

Қазіргі уақытта алдын ала стандарттың жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығымен бекітілген, Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларына сәйкес жұмыс жалғасуда.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы