Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Электрондық денсаулық сақтау. 3 бөлім. Клиникалық-әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасының сараптамасы откізілді

Әзірленген «Электрондық денсаулық сақтау. 3 бөлім. Клиникалық-әкімшілік деректерді жинаудың реттеуі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасының (бұдан әрі – Алдын ала стандарт) Қазақстан Республикасы заңнамасының және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтында» РМК (бұдан әрі – КазСтИн) Алдын ала стандарттың сараптамасы откізілді.

Сараптама қорытындысы бойынша 22 ескертулер берілген, олардың ішінде Алдын ала стандарттың жобасына 18 ескертулер мен ұсыныстар, түсіндірме жазбаға 2 ескертулер, Алдын ала стандарттың ісіне 2 ескертулер берілген. Берілген ескертулер стандарттың рәсімделу пішіміне, стандарттың бөлімдерін қайта атауға, түсіндірме жазбадағы техника-экономикалық негіздеуді түзеуге тиісті.  Ескертулер мен ұсыныстар жұмыс барысында пысықталынды.

КазСтИн-ның сараптама қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнама және ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігінде (бұдан әрі – ҚР АКМ) Алдын ала стандарттың жобасы сараптамадан откізілді.

Стандарттың жобасын ҚР АКМ-мен келісу кезде ұсынылған 3 ескерту пысықталынды және 11 ескерту мен 2 ұсыныс қабылданған жоқ. Алдын ала стандарттың жобасына тиісті, ҚР АКМ-мен келісілген,  өзгертулер енгізілді.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ЖШҚ РМК негізінде ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда «Электрондық денсаулық сақтау» № 83 стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің (бұдан әрі – 83 ТК) III-ші отырысы өтеді. Отырыстың басты мақсаты алдын ала ұлттық стандарттың жобасын қабылдануы болып табылады. Отырысқа қатысу үшін 83 ТК мүше ұйымдарының және басқа мүдделі ұйымдардың өкілетті өкілдері шақырылды.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы