Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Электрондық денсаулық сақтау. 3-бөлім. Клиникалық-әкімшілік деректерді жинауды реттеу» Қазақстан Республикасының алдын ала ұлттық стандарты бекітілді

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ЖШҚ РМК негізінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда № 83 стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің III-ші отырысы өтті.

№ 83 техникалық комитетінің мүше ұйымдарының және басқа мүдделі ұйымдардың өкілетті өкілдері отырысқа қатысты.

Отырыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасының «Электрондық денсаулық сақтау. 3-бөлім. Клиникалық-әкімшілік деректерді жинауды реттеу» алдын ала ұлттық стандарттың жобасын қабылдануы болды. Бекіту үшін ұсынылған алдын ала ұлттық стандарттың жобасы мүдделі талаптармен алдын ала келісілген және алдын ала ұлттық стандарттың сараптамасы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-да, стандарттау және сертификаттау жөніндегі уәкілетті ұйымыда, өткізілді.

Талқылау және дауыс беру нәтижесінде, Қазақстан Республикасының алдын ала ұлттық стандартың жобасы бекітілді.

 

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы