Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Электрондық денсаулық паспорттың функционалдық моделі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылға арналған операциялық жоспардың «Электрондық денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды және реттеушілік қорын дамыту» 80-тармағын орындау үшін ISO 10781:2015 «Денсаулық сақтаудың аппараттық жүйелері – Электрондық медициналық жазбалар HL7 жүйелік функционалдық үлгі, 2-ші шығарылым» халықаралық стандарттың талаптарын ескере отырып «Электрондық денсаулық паспорттың функционалдық моделі» алдын ала ұлттық стандарттың жобасы (бұдан әрі – алдын ала стандарт) әзірленді.

Алдын ала стандарт рұқсаты бар және электрондық денсаулық паспорттың репозиторийін пайдаланып жүретін электронды денсаулық паспорты жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ бағдарламалық жасақтама провайдерлері мен әзірлеушілер орындалуы тиіс сипаттамалар жинағын қамтамасыз етуге талаптарды белгілейді.

«Электрондық денсаулық паспорттың функционалдық моделі» алдын ала ұлттық стандартты әзірлеу және іске асыру функциялар тізімі ұлттық деңгейде электрондық денсаулық паспорт жүйесінде болуы тиіс екенін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі, «Электродық денсаулық сақтау» стандарттау жөніндегі № 83 техникалық комитеттің мүше-ұйымдарымен, денсаулық сақтау департаменттерімен басқа да мүдделі ұйымдармен алдын ала стандарттың жобасы келісуде.

Орналастырылған: 10.07.2017
Жаңартылған: 30.03.2018

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы