Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы III тоқсандағы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы туралы есебі

2019 жылғы III тоқсандағы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №217 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес денсаулық сақтау саласында 50 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

  1. жергілікті атқарушы органдар – 20 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  2. ҚР ДСМ орталық аппараты, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері деңгейінде 28 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі;

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚеАҚ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» 1 мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетеді;

4) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 1 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді.

50 мемлекеттік көрсетілетін қызметтен:

  • қағаз түрінде – 15 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  • электронды/қағаз түрінде – 16 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  • электронды түрде – 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі.

Анықтама үшін: 2019 жығы 1 қазан айына бойынша Министрліктің қызметтерін автоматтандыру дәрежесі 70%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі - ЦДИАӨМ) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №756 қаулысымен Тізілімнен алып тасталған мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Тізілімнен алып тастау бойынша ұсыныстар енгізілді:

1) Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісін беру;

2) Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу;

3) Биологиялық белсенді заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына сынақ зертханаларын аккредиттеу;

4) Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешім беру:

Министрлік ЦДИАӨМ-не Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне:

- мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алып тастау бөлігінде:

1) Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру;

2) Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтама беру (2019 жылғы 19 тамыздағы шығ.№ 16-3-7/15297, 2019 жылғы 20 тамыздағы шығ.№ 16-3-6/15297 хат)

3) Жедел медициналық көмекті шақыру (2019 жылғы 9 қазандағы шығ..№ 16-01-8/15297 хат).

- мынадай мемлекеттік қызметтер бойынша электронды/қағаз түріне аудару бөлігінде:

1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту;

2) Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына енгізу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау;

3) Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациентті стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау;

5) Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомалары туралы ақпарат беру (2019 жылғы 19 тамыздағы шығ.№ 16-3-7/15297) ұсыныстар берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмасына сәйкес Министрлік «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына енгізу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жол картасын әзірлеп және оны 2019 жылғы 30 қыркүйекте ЦДИАӨМ министрі А.Қ. Жұмағалиев бекіткен.

  1. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №746 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы №454 бұйрығына сәйкес Министрлік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді:

1) ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ДЗСҰО» ШЖҚ РМК);

2) ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 66-бабының 2-тармағына сәйкес тәртіптік жазаны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін қолдануға болмайтындықтан, сараптаманы жүргізу мерзімін бұзғаны үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жазаға тарту мүмкін емес екендігін атап өткен жөн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын (2018 жылы 24 шағымның 22-і бойынша, 2019 жылғы 6 айда 9 шағымның 7-і бойынша қарау мерзімі бұзылған) қарау мерзімінің бұзылуына қатысты. Аталған факт бойынша тәртіптік жазаға тарту мерзімінің өтіп, ал бір кінәлі қызметкері - Медициналық бұйымдардың арнаулы сараптау департаментінің бірінші санаттағы сарапшысы Г.М. Өтеулиннің ағымдағы жылғы шілде айында жұмыстан өз еркімен босатылғанына (2019 жылғы 21 маусымдағы №1096 бұйрығы) байланысты «ДЗСҰО» ШЖҚ РМК қызметтік тексеру жүргізді.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына мониторинг нәтижелері туралы ақпарат.

ЦДИАӨМ ақпаратына сәйкес (2019 жылғы 17 қыркүйектегі шығ.№01-3-5-18/10123-И) «ХҚКО МАЖ мониторингі» жүйесіндегі мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жөніндегі өтініштер бойынша Министрлік бойынша 12 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзушылық бар, бір уақытта барлық қызметтік тексерістер жүргізу барысында 2019 жылғы ІІІ тоқсанда 3 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзуға жол берілді (әр факт бойынша негіздемелер берілген), олардың ішінде:

Шілде айында – қызмет көрсету мерзімін бұзу - 0, бұл ретте «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша «Е-лицензиялау» Мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесінде техникалық проблема бар екенін атап өткен жөн («ҰАТ» АҚ 2019 жылғы 17 қыркүйектегі шығ.№ 2-00/13723 хаты қоса беріледі).

Тамыз айында – 3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мерзімінің бұзылуы:

1 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бұзу (Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті).

Анықтама үшін:

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша № 19192062 өтінішке қатысты. Аталған өтініш Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қате келіп түсті, себебі «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарыкөрсетеді.

5 «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы (Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Солтүстік Қазақстан облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті).

Анықтама үшін:

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (№ 19187943, 19187962, 19187967) 3 өтініш бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлға Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Ж. Ғ. Жарасова «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2019 жылғы 27 қыркүектегі № 140-ж/қ бұйрық қоса беріледі).

«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағына сәйкес «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2 өтініш (№ 19193693, № 19194125) бойынша құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Осыған байланысты, аталған өтініштер белгіленген мерзімде пысықталды.

2 «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы («Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті).

Анықтама үшін:

«Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтінішке (№ KZ01RLS00008168 өтініш беруші «Атырау облысы құрылыс басқармасы» ММ), (KZ11RLS00008667 өтініш беруші ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалы) қатысты өтініш берушілер «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы бұрынғы атауы бойынша Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне қате жіберген болатын (Атырау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі шығ. №А4-33.4-2/14589 хаты қоса беріледі).

Сонымен бірге, аталған өтініш берушілер сол мәселелер бойынша Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне (өтініштер қоса беріледі) жаңа атау бойынша өтініш (№KZ86RLS00008772, № KZ53RLS00008168) берді. Осы өтініштер белгіленген мерзімде пысықталып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар (қорытындылар қоса беріледі) берілді.

4 «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы (Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті).

Анықтама үшін:

«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет бойынша өтініштерге (№ KZ34RBJ00752492, KZ90RBJ00778353, KZ74RBJ00769329, KZ47RBJ00776023) қатысты осы өтініштер Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) аумақтық бөлімшесі Департаменттің Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына қате келіп түсті. «Медициналық көрсетілетін қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес аталған мемлекеттік қызметті комитеттің бөлімшелері емес, департаменттері көрсетеді.

ЦДИАӨМ «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша шығарып алуды бірнеше рет жібереді, алайда «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке жатпайды (ЦДИАӨМ мен АҚДС 2019 жылғы 3 қыркүйектегі шығ.№ 16-01-7/5060-Т хаты қоса беріледі).

Есепті кезеңде «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу сапасы бойынша 1 шағым тіркелген.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Октябрь аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жауапты адамын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандырылу бойынша түсіндіру шараларын жүргізу.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша 121 842 адамды қамтумен 533 іс-шара өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру.

Ағымдағы жылғы III тоқсанда мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2 қызметкер біліктілігін арттырды, оның ішінде 1 – Денсаулық сақтау министрлігінен және 1 – Комитеттен.

 

Орналастырылған: 16.10.2019
Жаңартылған: 07.11.2019

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы