Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

2017 жылғы 006 РББ бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылы «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысымен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша резидентураға 1500 орын, магистратурада 300 орын және докторантурада 100 орын көзделген.

Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде тиімді кадрларды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік мемелекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде ұйымдардың мүмкіндіктері мына көрсеткіштер бойынша талданды:

Жалпы (резидентура, магистратура, докторантура үшін)

1. Жалпы:

  • Сәйкес мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияның болуы;
  • Институтционалдық және мамандандырылған аккредитацияның болуы;
  • Саланың, ЖОО-лардың және ғылыми ұйымдардың кадрға деген қажеттілігі (кадр тапшылығы, болжамды кадр тапшылығы).

2. Қосымша:

1) магистратура және докторантура үшін:

  • Рейтингтік балл (ЖОО-лар салалық рейтингі егер 10-нан 20-ға дейін болса 1 балл,  21-40=1,5 балл; 41-60=2 балл; 61-80=2,5 балл; 81-100=3 балл; 101 және жоғары=3,5 балл беріледі);
  • ЖОО-лардың салалық рейтинг;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалардың/ іргелі зерттеулер бойынша жобалардың/ гранттық және бағдарламалы-нысаналы қаржыландырудың негізінде қолданбалы зерттеулердің, халықаралық гранттық зерттеулердің болуы;
  • ғылыми өнімділік (Хирш индексі);
  • соңғы 3 жылда қорғауға ұсынылған қорғалмаған докторлық диссертациялардың болуы;
  • шетелдік аккредиттелген ғылыми ұйымдармен-әріптестермен бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базын ұсыну туралы шарттардың болуы;
  • жетекші шетелдік ЖОО-мен бірлесіп орындалатын зерттеу жобаларының болуы.

Бұл ретте, магистратура мен докторантурада мемлекеттік тапсырысқа үміткер ұйымдардың рейтингін есептеу мына түрде жүзеге асырылады:

  • ЖОО-лар салалық рейтингі: 1 орынға 5 балл беріледі, 2 орынға 4 балл беріледі, 3 орынға 3 балл беріледі, 4 орынға 1 балл беріледі.
  • ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалардың/ іргелі зерттеулер бойынша жобалардың/ гранттық және бағдарламалы-нысаналы қаржыландырудың негізінде қолданбалы зерттеулердің, халықаралық гранттық зерттеулердің болуы: әр ҒЗБ (жобаға) 1 балл беріледі.
  • ғылыми өнімділік (Хирш индексі): әрбір индекстің бүтін саны үшін 2 балл беріледі.
  • соңғы 3 жылда қорғауға ұсынылған қорғалмаған докторлық диссертациялардың болуы: қорғалмаған докторлық диссертациялардың болмауына 3 балл беріледі.
  • шетелдік аккредиттелген ғылыми ұйымдармен-әріптестермен бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базын ұсыну туралы шарттардың болуы: әрбір шартқа 2 балл беріледі.
  • Жетекші шетелдік ЖОО-мен бірлесіп орындалатын зерттеу жобаларының болуы: әрбір жобаға 2 балл беріледі.

2) резидентура үшін:

  • тәуелсіз бағалауды сәтті тапсырған түлектердің пайызы (%)*;
  • оқуын жалғастырушылар контингенті (2017 жылғы түлектерсіз);

*Ескертпе: ұйымдарда тәуелсіз бағалауды табысты тапсырған резидентура түлектерінің пайызы 30 % төмен болса бұл мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылмайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша докторанттарды, магистранттарды және резидентураның тыңдаушыларын даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша орындардың санын бөлу мүмкін болатын есептеу кезінде жұмыс істейтін профессорлық-оқытушы құрамы есепке аланады.

Ескертпе: «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес ЖОО-да мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасына сәйкес айқындалады:

- магистрант және оқытушы – 4:1;

- докторант және оқытушы– 3:1;

- резидент және оқытушы -  2,5:1.

Барлығы 22 білім беру және ғылыми ұйымдары резидентураға – 1866 өтінім, 10 білім беру және ғылыми ұйымдар магистратураға – 1163 өтінім және докторантураға – 393 өтінім берді.

 

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы