Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2014 жылғы III тоқсанның ішкі бақылау қорытындылары

Ішкі бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2014 жылдың III тоқсанында Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес келесі бақылау іс-шараларын өткізді:

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» (бұдан әрі – ЗТМО) РМҚК Қарағанды облыстық филиалы.

Тақырыптық бақылау объект қызметінің ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігіне, 003 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар» және 005 «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар» бюджеттік бағдармалармен қарастырылған әлеуметтік төлемдерді тағайындауды бақылау, ЗТМО филиалы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты мен регламенттеріне сәкестігін бақылау сұрақтары бойынша жүргізілді.

Қарағанды облыстық филиалын бақылау бойынша Шахтинск және Жанаарқа аудандық бөлімдері қамтылды. Бақылау жүргізу барысында 620,5 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 143,3 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылуға, есеп бойынша 166,7 мың теңге қалпына келтіруге, ал  65,0 мың теңге жәрдемақы алушылардың шотына аударылуға тиіс.

Департамент бақылау қорытындысы бойынша Облыстық филиалға белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұсыныс жіберді. Аңықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жойылды және назарға алынды, жалпы сомасы 620,5 мың теңге бұзушылық сомасы растайтын құжаттарымен бірге есепке алу бойынша толық көлемде бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді. Жедел бөлімінің міндетті зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша бір лауазымды тұлға маманына қатысты тәртіптік ескерту түріндегі сипатта шаралар қабылданды.

Ішкі бақылау департаментінің қызметкерлері бақылау объектілеріне өтініштерді қабылдау, іс макеттерін қалыптастыру, «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар» және «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар» және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілері бойынша төлемдерді жүргізу барысындағы талаптарды сақтау бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті, сонымен қатар бақылау объектілерінің қызметін жақсарту және бақылау іс-шаралары барысында шығарылған бұзушылықтарды бұдан әрі болдырмау бойынша ұсыныстар берді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» РМК (бұдан әрі - РМК).

Бюджеттік қаражаттар мен ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаттарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасына сәйкестік үшін кешенді бақылау ағымдағы жылғы шілдеде жүргізілді.

Бақылау барысында жалпы сомасы 160 272,1 мың теңгедегі бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 5 789,0 мың теңге сомасы бюджетке қайтаруға, 1 175,4 мың теңге қалпына келтіруге жатады, 52 510,0 мың теңге сома мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзушылықтар бойынша анықталған.

РМК-ға бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға, анықталған бұзушылық сомаларын қайтаруға және қалпына келтіруге, белгіленген тәртіпте кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Бұзушылықтарды жіберген үшін РМК-ның 4 қызметкеріне сөгіс түрінде тәртіптік жаза шаралары қолданылды. Толық көлемде бюджетке 5 789,0 мың теңге сома қайтарылды және 1 175,4 мың теңге қалпына келтірілді. РМК-да барлық кемшіліктер мен ескертулер жойылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет белгісі қазақ ордені көз аурулар бойынша ғылыми-зерттеу институты» АҚ (бұдан әрі - АҚ ).

Бюджеттік қаражаттар мен ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаттарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасына сәйкестік үшін кешенді бақылау ағымдағы жылғы шілдеде жүргізілді.

Бақылау кезінде жалпы 187 142,8 мың теңге сомаға бұзушылық анықталды, 12 326,0 мың теңге сома қайтаруға жатады, 6 292,7 мың теңге сома бақылау барысында қайтарылды.

Бақылау жүргізу процесінде АҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді.

Бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға, анықталған бұзушылық сомаларын қайтаруға және қалпына келтіруге, белгіленген тәртіпте кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

АҚ-ға анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоюға және растайтын құжаттармен бірге белгіленген мерзімде толық жауап беруге ескертпе жіберілді, АҚ бюджет кірісіне 4 681,9 мың теңге бұзушылық сомасын қайтармады және қалпына келтірмеді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін АҚ-ң 15 қызметкеріне тәртіптік жаза шаралары қолданылды, оның ішінде 5 қызметкерге ескерту, 6 қызметкерге сөгіс, 4 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды.

Ұсынысты орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орталығы» РМҚК (бұдан әрі - РМҚК).

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамаларына сәйкестік үшін кешендік бақылау ағымдағы жылдың тамызында жүргізілді.

Бақылау барысында 7 978,1 теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде 1 892,0 теңге сома мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық ретінде белгіленді.

1 806,1 теңге сома республикалық бюджет кірісіне қайтаруға (аударуға) жатқызылды.

Бақылау жүргізу процесінде РМҚК-ға Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді.

РМҚК-ға бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұсыныс жіберілді. РМҚК-да 2 қызметкерге қатысты жіберілген бұзушылықтар үшін сөгіс түрінде тәртіптік жаза шаралары қолданылды, сондай-ақ 1 806,1 теңге бұзушылық сомасы бюджетке толық көлемде қайтарылды.

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ  (бұдан әрі - АҚ).

Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамаларына сәйкестік үшін кешендік бақылау ағымдағы жылдың қыркүйегінде жүргізілді.

Бақылау кезінде 259 326,5 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 170 039,1 мың теңгеге қаржылық тәртіптегі бұзушылықтар, қайтаруға 963,5 мың теңге сома, есеп бойынша қалпына келтіруге 11 596,3 мың теңге сома, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бойынша 89 286,4 мың теңгеде бұзушылықтар анықталды.

Бақылау барысында АҚ 373,1 мың теңге соманы қайтарды, сонымен қатар 11 596,3 мың теңге соманы қалпына келтірді.

АҚ-ға бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға, анықталған бұзушылық сомаларын қайтаруға және қалпына келтіруге, белгіленген тәртіпте кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарауға ұсыныс жіберілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін АҚ-ның 13 қызметкеріне қатысты тәртіптік жаза шаралары қолданылды, оның ішінде АҚ-ның 11 қызметкеріне сөгіс, 2 қызметкеріне ескерту жарияланды.

Бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Қазақ онкология және радиология  ғылыми-зерттеу институты» РМК (бұдан әрі – РМК).

Тақырыптық бақылау ағымдағы жылғы қыркүйек айында «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» 017 – Алматы қаласында қондырма салумен «каньонды» реконструкция бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдалану, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық тәртібі, және сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы ҚР заңнамасының жағдайын бақылау мәселесі бойынша  жүргізілді.

Бақылау кезінде есеп бойынша қалпына келтіруге жататын 3331,8 мың теңге сомаға бұзушылық аңықталды, оның ішінде бақылау барысында РМК 2 438,1 мың теңге сомасы қалпына келтірілді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысына ықпал етпеген 2 594,0 теңге сомада бұзушылықтар анықталды.

РМК-ға бақылау нәтижесі бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу тәртібі және есеп бойынша 893,7 мың теңге сома бұзушылықтарын қалпына келтіру, және белгіленген тәртіпте кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарастыру бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұсыныс жіберілді.

Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы