
Жедел медициналық көмек қызметі 6 айда 4 090 333 адамға көмек көрсетті
2019 жылдың 31 шілдесінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жедел медициналық көмек қызметі 4 090 333 тұрғынға көмек көрсеткен.
Жедел жәрдемнің пациент шақырған жерге жету уақыты қысқарды. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында кешігіп келген жағдай өткен жылмен салыстырғанда 2% - 53 744 қоңырауға төмендеді.
Елімізде шұғыл медициналық көмек көрсету қызметін халықаралық стандарттарға көшіру ісі жалғасады. Атап айтқанда, жедел медициналық көмек қызметкерлерінің 97,2% базалық реанимацияны (BLS) және қызметкерлердің 93,3% кеңейтілген жүрек өкпе реанимациясын (ACLS) халықаралық стандарт бойынша үйренді.
Медициналық көмек сапасының артқанын мына көрсеткіштен байқауға болады: жедел медициналық көмек қызметкерлері жасалған барлық реанимацияның 38,5% сәтті атқарған.
Медицина саласындағы модернизацияның нәтижесінде 103 қызметінің материалдық-техникалық базасы күшейтілді.
2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 3% артып, медициналық жабдықтармен жарақтандырылу 83% жетті.
Сондай-ақ, GPS навигациясымен жабдықтау да жақсарды. 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10% өсіп, 88% құрады.
Санитарлық көлікпен қамту біршама төмендеді: 2018 жылы 96% болса, 2019 жылы 95%.
Санитарлық көлікті бірыңғай стандартқа келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда. 1 838 санитарлық көліктің 1 093-і редизайннен өтті, бұл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша - 59,5% құрады.
Қазір барлық жерде стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде келіп түскен пациенттерге қызмет көрсету аймақтарын триаж жүйесі бойынша бөлуді қарастыратын бөлмеде редизайн жасалды.
Бұдан басқа, медицина ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінідегі стационарлық көмек көрсететін қызметті жетілдіру мақсатында қабылдау бөлімшесі дәрігерлері "Emergency doctor" арнайы даярлықтан өтеді.
2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша халықаралық "базалық реанимация" (BLS) стандартына орта медицина қызметкерлерінің 87,4% қабылдау бөлімі дәрігерлерінің 87,8% оқытылды.
Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясына (ACLS) қабылдау бөлімі дәрігерлерінің 83% және орта медицина қызметкерлерінің 65,4% оқытылды.
Кеңейтілген балалар жүрек-өкпе реанимациясына (PALS) қабылдау бөлімі дәрігерлерінің 38,4% және орта медицина қызметкерлерінің 33,4% оқытылды.
Жарақаттар кезінде ауруханаға дейін медициналық көмек көрсетуге (PHTLS) - қабылдау бөлімі дәрігерлерінің 42,9% және орта медицина қызметкерлерінің 32% оқытылды.
Сондай-ақ, қабылдау бөлімшесінің жаңа форматтағы жұмысындағы маңызды іс-шаралардың бірі - қабылдау бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметінің ақпараттық жүйелерін біріктіру, ол пациент түскенде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру бойынша ҚР 103 қызметінің жалпы рейтингіне сәйкес Ақтөбе және Маңғыстау облыстары қызыл аймаққа кірген. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында жағдай айтарлықтай жақсарған. 103 қызметін жетілдіру бойынша Павлодар, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары алдыңғы орында тұр.