Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.04.2019 г.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медициналық терминология мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастырумен  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында республикалық терминологиялық конференция өткізілді.

Конференцияға ҚР ДСМ Терминологиялық комиссияның мүшелері,  медициналық ЖОО-лардың  профессорлық-оқытушы құрамы, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттердің мамандары, сондай-ақ Алматы қаласының Тіл басқармасының өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған  тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру,  Медициналық терминологиялық комиссияның жұмысын жандандыру болып табылады. 

Конференция барысында  медициналық  терминология саласындағы проблемалар, медициналық терминология саласын жетілдіру және терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру қаралды.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы