Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Пятидневный ребенок на аппарате искусственной  вентиляции легких в экстренном порядке был доставлен в г. Алматы
07.08.2019 г.

Өкпесіне жасанды желдеткіш аппараты қойылған бес күндік бала шұғыл тәртіпте Алматы қаласына жеткізілді

1987 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы өкпесіне жасанды желдеткіш аппараты қойылған бес күндік баласымен шұғыл тәртіпте ҚР санитариялық авиация желісі бойынша Қызылорда қаласынан Алматы қаласына жеткізілді.

2019 жылғы 27 шілдеде нәресте туа біткен жүрек кемістігімен ауыр жағдайда дүниеге келді. Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жағдайын тұрақтандырғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция жүргізу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына санитарлық авиацияның күшімен жеткізілді. Мұндай қажеттілік нәресте денсаулығының ауыр жағдайына және медициналық мекемеде операция жүргізу үшін жағдайлардың болмауына байланысты туындады.

Жаңа туған нәрестелерді авиатасымалдаудың маңыздылығы пациенттің жағдайын тез арада тұрақтандыруды қамтамасыз ету, бүкіл ұшу уақыты ішінде ағзаның өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізу және қажеттілік туындаған жағдайда кезек күттірмейтін іс-шараларды көрсету болып табылады. Бұл ретте әуе кемесінің бортында қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуына ерекше назар аударылатынын ескеру қажет.

2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (ҰШМҮО) медицина мамандарының 1285 ұшуды орындағанын, 1739 медициналық қызмет көрсеткенін, 1550 пациентке көмек көрсеткенін айта кету керек. ҰШМҮО көбінесе қанайналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға, жазатайым жағдайлар, уланулар және жарақаттар алу кезінде, жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда жасындағы патологиялар кезінде, сондай-ақ кезек күттірмейтін акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылғы 6 айда патологиялық аурулары бар нәрестелер жалпы пациенттер санының 11,7% құрады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы