Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Благотворительный велопробег в рамках акции «Месяц здорового сердца» состоялся в г. Нур-Султане
13.08.2019 г.

Нұр-Сұлтан қаласында «Сау жүрек айлығы» акциясы аясында қайырымдылық веложүгіру өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Сау жүрек айлығы» акциясы аясында қайырымдылық веложүгіру өтті.

Ұзақтығы 12 шақырымға созылған  велошеру сағат 20:30-да "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық"  базасында басталды. 

Қайырымдылық шараға 400 жуық адам атсалысты. Қатысушылардың құрамында медицина саласының қызметкерлері, пациенттер, салауатты өмір салтын ұстанғандар және Елорда тұрғындары бар. Әсіресе, жүрегіне трансплантация жасатқан пациенттердің белсенділігін ерекше атап өтуге болады. Олар велошеруде барлық қашықтықты бағындырып, өздерінің физикалық жағдайы  арқылы  қазақстандық медицинаның мүмкіндіктері мен жетістіктерін айқын көрсетті. 

Веложарыс "MOLDANAZAR" тобының ашық аспан астындағы концертімен салтанатты түрде ашылды. Концерттен кейін топ мүшелері велошеруге қосылды. Жарыс соңында қатысушылар арасында велосипед және фитнес-клубқа абонемент сынды сыйлықтар  ұтыс ойыны өтті. Ал қайырымдылық шарада   жиналған 1,5 миллионға жуық теңгеге кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады.

"Сау жүрек айлығы 2019" аясындағы  қайырымдылық іс-шараны  "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" жанынан  құрылған "Жүрек орталығы" корпоративтік қоры ұйымдастырды.

"Жүрек орталығы" қоры - бұл клиниканың ғылыми-білім беру қызметін дамыту, сондай-ақ,  жалпы Қазақстан Республикасының кардиохирургиялық қызметін жетілдіру мақсатында ашылған  еліміздегі  алғашқы және жалғыз қор.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы