Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

24.04.2019 г.

Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азия және Кавказ елдерінің қатысуымен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыруға арналған Симпозиум басталды

Шара барысында жасөспірімдер «Менің  тамақтану рационым» тақырыбында сөз сөйлейді. Әлем бойынша Қазақстан Симпозиумға кішкентайларды қатыстырған алғашқы мемлекет. Өйткені тамақтану мәдениетін бала күннен қалыптастырған әлдеқайда тиімді.

Сондай-ақ, жиында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров Қазақстандағы  азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігі, оны жіті бақылау жайлы баяндады.

Елімізде 2018 жылдан бастап мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша біріңғай стандарттар енгізілді. Оқу орындарында  тәтті және газдалған сусындарды сатуға тыйым салынған. Ас тұзын йодтау, ұн және басқа да бірқатар азық-түлікті минералды-дәруменмен байытуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Ал ірі сауда орталықтарында  «Дұрыс тамақтануға арналған азық-түлік» сөрелері ашылды. 

Аурудың алдын алу мақсатында 2018 жылғы медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясы қабылданды. Профилактикаға негізделген құжат - қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзегі.

2019 жылы Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмекке бөлінетін қаржы 60%-ға артады. Арнайы заң жобасы қазір дайындалуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске дұрыс тамақтануға қатысты өзгерістер  енгізіп, сәуірдің соңына дейін Үкіметтің қарауына жіберіледі.

Елімізде өндірушілерге нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту туралы талап қойылды.  Мамандар 1 келі  ұнға  2 граммнан артық тұз қосылмасын деген тоқтамға келді.  Енді сүт өнімдеріндегі қант мөлшерін азайту қолға алынады.

Симпозиумда  балалардың тамақтану рационы, мектептегі тамақтану жүйесі, мектепке дейінгі мекемелердегі азық-түлік сапасын жақсарту сынды  мәселелер талқыланды.

Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғыстан, Армения, Грузия және Әзірбайжан Парламентінің депутаттары, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысуда.

Ұйымдастырушылар: БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ).

ЮНИСЕФ пен Қазақстан арасындағы меморандум аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы екі жыл бойы Өңірлік платформаның хатшылығын басқарады.

Симпозиум сәуірдің 25 мен 26 аралығында  өтеді.  


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы