Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.05.2019 г.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл қалаларында көпбейінді 5 медкластер салынады

 

Түркияның тәжірибесі бойынша еліміздегі төрт қалада пилоттық жоба ретінде 5 медкластер салынады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа моделін таныстырды.

«Биыл сәуірде ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, Түркияда  сәтті іске асырылып жатқан  мемлекеттік-жекешелік әріптестік модельді зерттедік. Түркияның 2010-2023 жылдарға бағытталған МЖӘ аясындағы госпитальдік  бағдарламасы 44 мыңнан астам адам сиятын  32 ірі көпбейінді аурухана салуға арналған. Бағдарлама халықаралық қаржы институттарының қаржылық және консультативтік қолдауымен іске асырылады», - деді министр.

Көпбейінді медициналық мекемелер жеке инвесторлардың қаржысына салынады.  Ал мемлекет кәсіпкерлердің ақшасын  нысан пайдалануға берілгеннен кейін 25 жыл ішінде қайтарады.

«Инвестор валюталық  және инфляциялық қауіп-қатерден  қорғалады. Оған тапсырыс беруші кепіл.  Сондай-ақ, жобаның  70 пайызы деңгейінде  қызметтердің ең аз көлеміне де кепілдік берілген», -деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, МЖӘ аясында ашық тендр  өтеді және инвесторлардың құқығы халықаралық деңгейде қорғалады. МЖӘ бойынша конкурс пен құжат қабылдау процесі де  тиімді ұйымдастырылады.

Түркия ұсынған сараптамаға сүйенсек, мемлекет жүргізген құрылысқа қарағанда МӘЖ аясында салынған нысандар уақытылы тапсырылады, сапасы мен жабдықтар заманауи талапқа сай болады. Келісім бойынша жеке серіктестікке төлем  600 сапа индикаторы орындалғанда ғана төленеді. Тәуекелді тараптар тең бөліп алатын бұл әдіс әлемде кеңінен пайдаланылады, -деді министр. 

Бұл тәжірибе Қазақстанға да ыңғайлы. Осыған байланысты, пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл қалаларында  көпбейінді 5 медициналық кластер салу туралы ұсыныс жасалды.

Бұл нысандардың әлеуемттік маңызы  ерекше. Қазір үш жобаға бойынша  университеттік клиникалар  халықаралық қаржы мекемелерімен бірелсіп дайындық жүргізуде. Денсаулық сақтау саласына арналған жобаға қатысты  мәселелерді жедел шешу үшін, біріншіден, заң жобасына өзгеріс енгізу қажет. Бұл МЖӘ бойынша денсаулық сақтау саласындағы «Аса маңызды» жобалалрды жоспарлау мен оны іске асыру тәртібін бекіту   ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне  жүктеліп,  МЖӘ  жобаларының  инфрақұрылымдық моделін Түркияның тәжірибесіне сай  жүзеге асыруға мүмкіндік туады, - деді министр.

Елжан Біртановтың айтуынша,  «Аса маңызды» жобалардың  (жобадан түсетін  пайда, келісім уақыты,  валюталық тәуекел, инфляциялық қауіп, инвестициялық шығынды өтеу) негізгі параметрлерін бекіту ҚР Үкіметіне беріледі. «Аса маңызды» жобалар бойынша  консультативтік көмек көрсеткендерге «Табыс үшін төлем» механизімі де осы жерде қаралады. Екіншіден, Премьер-министрдің төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы  жобаларды басқару офисі құрылады. Үшіншіден, үлкен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын заңдық статусы бар  арнайы ұйым құрылады.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы