Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Финансирование медицинской диагностики в Павлодарской области увеличится в 6 раз за счет внедрения ОСМС
08.11.2019 г.

МӘМС жүйесі аясында Павлодар облысындағы медициналық диагностикаға бөлінетін қаржы 6 есеге артады

Павлодар облысына іссапармен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңірдегі  МӘМС енгізуге дайындық жайлы  жиын өткізіп, медицина қызметкерлерімен кездесті.

Облыс әкімі Болат Бақауовтың, Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың, Медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың қатысуымен өткен кеңесте медициналық сақтандыру жүйесіне толық көшуге дайындық мәселелері талқыланды. Екі ай ішінде облыс әкімдігі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықты өзектендіру, медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша барлық дайындық шараларын аяқтап, жұмыс берушілермен  әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығын шешуі, сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруы қажет.

Кеңес барысында айтылғандай, 2020 жылы МӘМС жүйесі аясында Павлодар облысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру 1,4 есеге, ал қалпына келтіру емі мен паллиативтік көмекке бөлінетін қаражат көлемі 16 есеге, консультациялық-диагностикалық көмекке 6 есеге, стационарды алмастыратын көмекке - 2 есеге артады.

Өңірде цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өткен К. Надыров, техникалық дайындық аудитінің деректерін мысалға келтірді. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медициналық ақпараттық жүйелермен  100% аудандық деңгейден жоғары қамтылған, жұмыс орындары 98% компьютерлік техникамен жабдықталған. Облыста барлық жұмыс орындарында  компьютерлік техника бар. Жеке жеткізушілері 80% МАЖ қамтылған.

"Сонымен қатар,  жыл соңына дейін барлық ақпараттық жүйе медициналық қызметтерді бөлек есепке алуға және қордан сақтандыру мәртебесі бойынша ақпарат алуға дайын болуы тиіс", - деді вице-министр.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың мәліметінше, медициналық сақтандыру жүйесінде халықтың 90% медициналық көмекпен қамтылады. Павлодар облысы бойынша 381, 7 мың адам жеңілдік жасалған санатқа кіреді, 256,3 мың жалдамалы қызметкер, 27,5 мың ЖК және жеке кәсіпкербар, 1,7 мың БЖТ төлейді. Осылайша, бүгінде облыс халқының 88,7%  шартты түрде МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Сондай-ақ, бейресми жұмыспен қамтылған халықты  экономикаға және МӘМС жүйесіне тарту бойынша жұмыс жалғасуда. Павлодар облысында халықтың 83% өзін-өзі жұмыспен қамтыған,  Еңбек министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, әлі 19,6 мың адамды өзектендіру керек.

Сонымен қатар,  жарналар мен аударымдарды жүзеге асыру жиілігі өзекті мәселе болып отыр. Жұмыс берушілердің салық және еңбек заңнамасын сақтамауынан, сондай-ақ кейбір «маусымдық» жұмыстардың  салдарынан жалдамалы қызметкерлер медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалуы мүмкін. Павлодар облысы бойынша 27,8 мыңнан астам қызметкерге  немесе кейінгі жылда төлем жасаған қызметкердің  10,8%  жүйеден қалыс қалу қаупі төніп тұр. Қ. Надыров атап өткендей, бұл жағдайға  аймақ әкімдіктері мен салық органдары  назар аударуды тиіс.

Жалпы, әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша Павлодар облысында МӘМС енгізу туралы  ақпараттандырылған халық саны  52,6% - дан 85,6% -ға дейін артқан, респонденттердің 60% астамы медициналық сақтандыру жүйесін қолдайды.

Сондай-ақ,  үкіметтік топ іссапар барысында бірқатар медициналық нысанды, оның ішінде жедел жәрдем станциясын және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығының жаңа корпусын аралады.

Жаңа корпус жуырда ашылды. Мұнда 110 кішкентай пациент әлеуметтік-медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек алады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы