Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Об эпидемиологической ситуации по менингококковой инфекции
05.06.2018 г.

Менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 58 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай. Оның 13-і өліммен аяқталған: Алматы қ. – 6 жағдай, Алматы облысында – 4 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында- 2 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай.

Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың мамыр айында менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелген. 2018 жылғы 30 сәуірден бастап 5 мамыр аралығында Алматы, Астана қалалары, Алматы және Қызылорда облыстарында ауру жағдайлары тіркелген.

Алматы қаласында 2018 жылғы 30 сәуірден бастап 5 мамыр аралығында менингит инфекциясына күдікті 92 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 44 пациентке тексеруден  кейін диагноз басқа да ауруларға ауыстырылды, 32 науқасқа менингококк инфекциясы түпкілікті диагнозы қойылды, 16 жағдайда зертханалық зерттеу әлі жүргізіліп жатыр.  

Алматы қаласы тұрғындары арасында менингококк инфекциясымен ауырған адамдар ең көп саны:

- қоғамда қоздырғыштың айналымын ұстап тұратын ауа райының тұрақсыздығы (созылған көктем);

- жылдың маусымына байланысты халық иммунитетінің төмендеуі;

- Алматы қаласында менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық 2013, 2015, 2018 жылдары жоғары болған сырқаттанушылықтың кезеңділігі (2011 жылы - 44 жағдай, 2012 жылы - 23 жағдай, 2013 жылы - 49 жағдай, 2014 жылы - 36 жағдай, 2015 жылы - 66 жағдай, 2016 жылы - 16 жағдай).

Жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданатын шараларды үйлестіру үшін Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықты тұрақтандыру бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітті.

Жалпы республика бойынша эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында «Менингококк инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітілген, онда денсаулық сақтау, білім басқармаларына, ҚДСК облыстық, Астана мен Алматы қалаларының департаменттеріне тиісті іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берілген.

Қасиетті Рамазан айында халықтың көбі мешітке баратындығын ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігімен және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетімен жұмыстар жүргізілді және намаз оқу үшін қолайлы жағдай туғызу (республиканың барлық мешіттер ғимараттарын тұрақты желдету және дезинфекциялау құралдарын қолданып ылғалды тазалау) және келушілерді аурудың бірінші симптомдары пайда болған кезде дәрігерге бару және оның барлық ұсыныстарын орындау қажеттілігі туралы ақпараттандыру тапсырылды.

Алматы қаласында менингококк инфекциясы бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданды:

- барлық мүдделі ведомстволардың қатысуымен қалалық штабтың жұмысы ұйымдастырылды, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді, ошақтарда 2160 байланыста болған адамдар анықталды, барлығы зертханалық тексеруден өтті, медициналық бақылауға алынды, назофарингиттермен жүгінген және байланыста болған адамдарға менингококк инфекциясының алдын алудың негізгі шарасы болып табылатын антибиотик терапиясы жүргізілуде.

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде көпшілік іс-шаралары және қалада спорттық- көпшілік іс-шараларға шектеу қойылды;

 - мектептерде соңғы қоңырау медицина қызметкерлерінің бақылауымен өткізілді және  бұл білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізу кезеңінде жүзеге асырылатын болады.

- эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырылғанға дейін емханалардың сенбі және жексенбі күндері жұмысы ұйымдастырылды;

Жалпы алғанда республика бойынша менингококк инфекциясының барлық ошақтарында эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізілді, зертханалық зерттеулерге материалдар іріктеп алынды.

Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысы жүргізілуде, оның ішінде ірі сауда орталықтарында, супермаркеттерде, білім беру объектілерінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы. Туристік фирмалар, сауда орталықтары, жабық мекемелер, мешіттерге хаттар мен баспасөз релиздері жолданды.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр.

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін —жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.

Инфекцияның берілу жолы - ауа-тамшы арқылы (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның организміне науқас немесе тасмалдаушы адаммен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы арқылы енеді. Жұқтырған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас аурудың алғашқы күнінен бастап айналадағы адамдар үшін жұқтыратын адам болып саналады.

Иммундық жүйесінің қалыптаспауына байланысты 5 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады – бұл жастағы адамдар көптеген тәуекел факторларының үйлесімділігімен – адамдардың тығыздығы, темекі шегу, жалпы сусындармен және т.б. ерекшеленетін сауықтыру орындарында көп уақыт өткізеді.

Менингит кенеттен басталады: күтпеген  жерден катты бас ауыруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С жетеді, қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Аурудың тұмау, баспа, тонзиллит және т.б. сияқты зиянсыз ауруларға ұқсап, жеңіл өтуі мүмкін екенін ескеру қажет, және сондықтан өте қауіпті. Қатты тоңу, сырқаттану, қажу тудырған организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай туындаған кезде  менингококк бас миының қабығына енеді және қабынуды тудырады.

Профилактикасы

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.

Созылмалы инфекциясы бар  ошақтарға санациялау жүргізген маңызды, балаларда бұл көбіне ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына жиі бару және мүмкіндігінше профилактикалық түрде болуы керек.

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.

Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.

Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!   


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы