Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.05.2019 г.

Людмила Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың № 19 бұйрығымен 2019 жылдың 6 мамырынан бастап  Людмила Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында туған.  1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық  академиясын аяқтады. Ал 2004 жылы – Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы – Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы – дәрігер, провизор, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолы 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық  академиясында басталған.

2004-2005 жж. Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейіндік клиникалық ауруханада дәрігер-клиникалық фармаколог болып жұмыс істеді.

2005-2010 жж. мемлекеттік органдарда түрлі қызмет атқарды. 

2011-2014 жж. Республикалық реабилитациялық орталықта, Ұлттық медициналық холдингте, Медициналық технология және ақпараттық жүйе орталығында қызмет етті.  

2014-2015 жж. ҚР Президент ісі Басқармасында бас инспектор болды.

2015-2017 жж. ҚР Президент ісі Басқармасында  Медициналық орталық басшысының орынбасары.

2017 жылдың тамызынан бастап бүгінге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы