Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

ҚР Вице-премьері Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан салынып жатқан онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты
31.08.2019 г.

ҚР Вице-премьері Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан салынып жатқан онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты

Бүгін, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Тұңғыш Президент - Елбасының тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкоорталықтың құрылысы бойынша көшпелі кеңес өтті. Кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық басқармасының төрағасы Жандос Бүркітбаев, "Mabetex group" құрылыс директоры Бурим Хайризи, ТСФ Делойт жобасының басқарушысы Михаил Миллер, "IT Engineering SA" жобасының жетекшісі Александр Кайгородов қатысты.

Жандос Бүркітбаев Бердібек Сапарбаевқа құрылыс бойынша Жол картасы мен ғимаратты жобалау сызбасы туралы баяндады.

Оның айтуынша, салынып жатқан мекеме Орталық Азияда үлгілі инфрақұрылымы бар халықаралық деңгейдегі жетекші онкологиялық орталық болады. Халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары, оның ішінде протонды, сәулелік, лазерлік терапия, жасушалық-иммундық терапия пайдаланылатын болады.

Онкоорталықтың ғимараты 6 қабаттан тұрады.  Бүгінде уақытша ғимараттар мен құрылысты реттеу, қолданыстағы әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды бұзу, жер дайындау, қада қағау, іргетасын қалау жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша жұмысты Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" және 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру" атты ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру аясында жүргізуде.

2018 жылы Үкімет онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды қабылдады.

Анықтама:

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық озық халықаралық тәжірибе негізінде қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау мен емдеудің жоғары тиімді және жоғары технологиялық әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жыл сайын Қазақстанда 35 мыңнан астам қатерлі ісік ауруы тіркеледі. Елімізде  170 мыңға жуық тұрғын қатерлі ісік аурулары бойынша есепте тұр.

Қазір қтерлі ісік  жаһандық деңгейге кеңінен тарап отыр, яғни, бұл ауруды  емдеудің заманауи және озық әдістерін меңгеруді талап етеді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы