Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Назначен Ответственный секретарь Министерства здравоохранения РК
02.09.2019 г.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Мемелекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа Жауапты хатшы Ботагөз Жақселекованы таныстырды.

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Арқалық қаласында туған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Exeter University (Великобританияда) университетінде MPA дәрежесін алды.

Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 14 жылдан асады, Әділет министрлігінде, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде жұмыс істеді. Денсаулық сақтау жүйесінде 2015 жылдан бері жұмыс істеуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетін басқарды. 2018 жылғы наурыздан бастап – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы