Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Ответственный секретарь Минздрава РК Болат Токежанов представил коллективу НАО «Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова» нового ректора
26.04.2019 г.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ ұжымына жаңа ректорды таныстырды

26 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры қызметін атқарған Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы Медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректор қызметіне тағайындалды.

Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы 1960 жылы туған. 1984 жылы Н. Пирогов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина институтын, 2008 жылы «Қайнар» университетін бітірген. Профессор, денсаулық сақтау саласының жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушысы.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі проректоры, атқарушы директоры;
  • 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина университеті ректорының экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі;
  • 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық медициналық орталық" ШЖҚ РМК директоры;
  • 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры;
  • 2009 жылдан 2011 жылға дейін – Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің ректоры;
  • 2008 жылдан 2009 жылға дейін Астана қаласының «Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығының»  бас директоры;
  • 2001 жылдан 2007 жылға дейін – Семей мемлекеттік медициналық академиясының ректоры;
  • 2000 жылдан 2001 жылға дейін – Денсаулық сақтау ісі бойынша агенттігінің бас хирургы,
  • 2000 жылдан  2001 жыладры  - ҚР Денсаулық сақтау ісі бойынша агенттіктің бас хирургы,  емдеу-профилактика департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
  • 1993 жылдан 2000 жылға дейін – аға хирург, одан кейін А.Н. Сызғанов атындағы ҰХ бас ғылыми қызметкері;
  • 1991 жылдан 1993 жылға дейін – Ақтөбе облысы ОРА бас дәрігерінің орынбасары;
  • 1988 жылдан 1991 жылға дейін-КСРО АМН ВҒЦХ хирургия бойынша салалы клиникалық ординатура, Мәскеу;
  • 1984 жылдан 1988 жылға дейін Ақтөбе облысының ОРА хирург дәрігері;

4 монография және 14 оқулықтың авторы, 27 жаңалық ойлап тапқан, 5 кандидаттық, 1 магистрлік диссертацияның жетекшісі.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы