"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

01.03.2019 г.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде МӘМС ендіру бойынша ВАК отырысының қатысушылары көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық министрі Елжан Биртановтың төрағалығымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) ендіру бойынша Ведомствоаралық комиссиясы отырысында көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырубойынша өзекті мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаева Лязат өзінің баяндамасында халықтың жеңілдетілген топтары, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, АӘК алушылар, ҰОС қатысушылары, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқатпен ауыратын адамдар, алуы тиіс медициналық қызметтің кеңейтілген спектрін ревизиялау нәтижесін ұсынды.

Ол осы әлеуметтік топтардың КТ, МРТ, ПЭТ, ангиография, ПТР, медициналық-генетикалық зерттеулер сияқты қымбат медициналық тексерулерді пайдалануға басым құқықтарына ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, стоматологиялық көмек бөлігінде 2018 жылы 8,6 млрд. теңге көлемінде 7,4 млн. жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек көрсетілді. Бұл ретте, шұғыл көмек халықтың осал тобына, ал жпсарлы көмек – жүкті әйелдер мен балаларға, оның ішінде 72,6 млн. теңге көлеміндегі 31,2 мың ортодонтикалық көмек тумасынан жақ-бет ауытқулары бар балаларға келеді.

Республикалық, облыстық және қалалық ауруханаларда квота бойынша стационарлық көмекті 7,5 % жағдайында жүкті әйелдер мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, 15,5 % жағдайында – 18 жасқа дейінгі балалар алды.

Жеңілдік берілгендердің ішінен көбіне жиі кездесетін жіті және созылмалы ауру түрлері бойынша 18 жасқа толмаған балалар амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Салқын тигеннен болатын ауру кезінде 239,1 млн. теңгеге 399,9 мың қызмет көрсетілді, теміртапшылықты анемия – балаларға 42,8 теңгеге 71,5 мың қызмет, сонымен қатар Д тобының дәрумендері – балаларға 17,1 млн. теңгеге 49,5 мың қызмет көрсетілді.

Л. Актаева айтқандай, көрсетілген қызметтерге олардың жеңілдетілген санатына жатқызу бойынша толық ревизия жасау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі қымбат тұратын, стоматологиялық қызмет, стационарлық емделуге квота алатындар бойынша мәліметтерді Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрлігіне жолдады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Биртанов халықтың әлеуметтік осал топтарын, ауыл тұрғындарын тегін медициналық көмекке қолжетімділігі бөлігінде ақпараттандыра отырып, кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл жұмыстар стационарға жатқызуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, амбулаторлық-емханалық қызметке, кеңестік-диагностикалық көмек көрсетуге қатысты болуы керек.

Вице-министр өз кезегінде, МӘМС жүйесінің 2020 жылдан бастап кең ауқымды іске қосылатынын атап өтті.

Аз қамтылған отбасыларына медициналық көмекті ұлғайту мақсатында МӘМС жүйесінде 2020 жылдан бастап олар үшін мемлекет төлейтін азаматтардың топтарын кеңейту ұсынылады. Атап айтқанда, бұл тізімге келесі топтарды қосы жоспарланып отыр: жастайынан 1 топтағы мүгедектерге күтім жасайтын жұмыссыздар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар, төрт және одан көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар, соның ішінде күндізгі оқу нысанында оқитындары бар, көп балалы тұлғалар.

Қазақстан Ресупбликасының 2015 жылдың 16 қарашасындағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңы 13 жеңілдігі бар санаттар үшін жарналарды мемлекет төлейтінін анықтады. Қазіргі таңда олардың жалпы саны 10,3 млн. азамат немесе халықтың 56% құрайды. Мемлекет әлі күнге дейін азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігінің негізгі кепілгері болып табылады.

Мәжіліс барысында дерекқорды одан әрі өзекті қылуға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты рәсімдеуге, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізуге қатысты МӘМС-ті енгізу туралы бірқатар көкейтесті мәселелер талқыланды. 

Айтылған іс-шаралардың барлығы 2019 жылға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қатері мәселесі бойынша іс-шаралар жоспарының ведомствоаралық кешенінің бекітілген жобасында көрініс тапты.   

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдерді жинауды бастады.  2019 жылдың 21 ақпанында 145 млрд. теңге жиналды, сонымен бірге ағымдағы жылдың соңыңа дейін 240 млрд. теңге жиналады деп жоспарланып отыр. МӘМС жүйесіне 6,6 млн. адамға жарналар мен төлемдер аударылды. Мемлекеттік корпорация 10,3 млн. адамға мәліметтер беріп отыр, бұл жалпы саны 16,9 млн адам немесе халықтың 91% құрайды. Қалған 1,6 миллион адамның мәртебесі анықталмаған, бұл белгілі бір қатерді тудырады.

Осыған дейін айтылғандай, 2019 жылы республикалық бюджеттен халыққа медициналық көмек көрсетуге 972,2 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылғыдан 5% есе артық.

Қор амбулаториялық-емханалық көмек алуды сатып алуға 13 млрд. теңгеге, онкология ауруларын емдеуге 8,8 млрд. теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отыр, шет елдерде емделу шығыны 5,6 млрд. теңгеге өсті.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы