Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

Минздрав РК: все пострадавшие от ДТП в Кызылорде находятся на контроле
03.12.2019 г.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Қызылорда маңында көлік апатынан зардап шеккен адамдардың денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында

3 желтоқсанда таңертең Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе  жатқан жолаушылар автобусы Қызылорда қаласынан 70 шақырым жерде көктайғақ салдарынан жол апатына ұшырады. Көліктің ішінде  36 адам болған.

Оқиға орнына құрамында реаниматолог және травматологы бар 7 жедел медициналық көмек және санитарлық авиация бригадалары дереу жетті. Зардап шеккен азаматтарға  шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Жол-көлік апаты салдарынан  8 адам қайтыс болды: 7 адам оқиға орнында,  ал қатты жарақат алған 1 адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Зардап шеккен 21 жолаушы  қазір Қызылорда қаласындағы  медициналық ұйымдарға жатқызылды. Оның ішінде 17 адам облыстық көпбейінді ауруханада (5 науқас реанимация бөлімшесінде) жатыр, 4 пациент қалалық ауруханада (1 пациент реанимация бөлімшесінде жатыр).

Барлық пациент дәрігерлердің бақылауында және тиісті ем қабылдауда.  Қажет болған  жағдайда,  санитарлық авиация борты мен мобильдік бригада  науқастарды орталыққа тасымалдауға  дайын  тұр.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы