Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

В 2,8 раз снизилась заболеваемость острым вирусным гепатитом «С» в Казахстане
30.08.2019 г.

Қазақстанда жіті "С" вирустық гепатитімен ауырғандар саны 2,8 есеге төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Елжан Біртановтың басшылығымен "С" вирусты гепатитіне шалдыққандар  бойынша селекторлық кеңес өтті.

2019 жылдың 7 айында республикада жіті "С" вирустық гепатитінің  35 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,19 құрады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 12 бала тіркелген. 100 мың балаға шаққанда 0,23. Балалар арасында ЖВГС жағдайы Нұр-Сұлтан қаласында (6), Алматы қаласында (3), Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында (1-ден) тіркелген.

Сонымен қатар, соңғы 20 жылдағы ҚР-да ЖВГС шалдыққандар  2,8 есеге (1999 ж. - 229 сл., 2018г. - 79 сл.) төмендегені байқалады. Кеңесте онкогемотологиялық аурулары бар балалар арасында "С" вирустық гепатитін жұқтырғандар мәселесі де қаралды. 7 ай ішінде 2019 жылы Ана мен бала ғылыми орталығында ем алған балалар арасында 13 жағдай тіркелген. ВСГ, оның ішінде ЖВГС - 6 жағдай және созылмалы вирустық гепатит "С" - 7 жағдай. Гепатит анықталған АБҰҒО-ның балалары бұған дейін республиканың басқа өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда ем алған.

Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов атап өткендей, пациенттер арасында "С" гепатиті  бойынша жүргізілген тексеру онкогематологиялық пациенттер бұрын емделген медициналық ұйымдарда жұқтырғанын  көрсетеді.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова Қазақстанда донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндады.  Ол инфекцияның донорлық жолмен берілу мүмкін еместігін атап өтті. Абдрахманованың айтуынша, ауруханаішінде, инвазивті емшараларды жүргізу кезінде инфекциялық бақылаудың қазіргі заманғы стандарттарын сақтамаудың салдарынан гепатит «С» жұқтыру қауіпі жоғары.

Осыған байланысты  Нұр-Сұлтан қаласындағы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті "С" гепатитін жұқтыру туралы қорытынды шығарды.

2019 жыл ішінде ТТҚСБД  Нұр-Сұлтан қаласында 3 тексеріс өткізілді. Тексеру барысында дезинфекциялық-стерилдеу режимінің бұзылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 9 кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кету керек, басқа өңірлердің медициналық ұйымдарында бұған дейін ауырған балалар емделіп, тексеру жүргізілді және анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.

Денсаулық сақтау министрі бір ай ішінде ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық орталығы ТТҚСБ бірлесіп, CDC халықаралық сарапшыларын және басқа да ұйымдарды тарта отырып, инфекциялық бақылау саласындағы стандарттар мен бұйрықтарға аудит жүргізуді және биыл жыл соңына дейін нормативтік құжаттарды қайта қарауды; онкогематологиялық аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жоғары қауіпті объектілерге жатқызуды, ал ТТҚСБ стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, биылдан бастап барлық пациенттер вирусқа қарсы тиімді еммен қамтылғанын атап өту қажет. 2018 жылдан бастап министрлік "С" вирусты гепатиті бар науқастарды емдеу үшін "Софосбувир" жаңа жоғары технологиялық дәрілік затты сатып алуға қаржы бөледі. Бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен жоспарланған 4 мың адамның орнына 18 мың адам емделеді.

Қазақстанға  БҰҰДБ үш жылдық келісім аясында "С" гепатитіне қарсы 4,1 млн АҚШ долларына (1,5 млрд.теңге) дәрі жеткізіледі.

Осылайша, "С" вирусты гепатиті бар науқастар тиімділігі жоғары жаңа "Софосбувир+Даклатасвир" емделу мүмкіндігіне ие болды (курстың тиімділігі дәлелденген және 90%  жетеді). 2018-2019 жылдары 21 191 науқас ем алады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы