Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

26.04.2019 г.

Қазақстанда «Тек рецепт бойынша» атты бір айлық акциясы басталды

Дәрі-дәрмекті рецептсіз тарату өте қауіпті екенін түсіндіру мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» фармацевтерге препараттарды тек дәрігердің кеңесімен  таратуға, ал науқастарды осы ережені қатаң сақтауға шақырады. Осы мақсатта «Тек рецепт бойынша» атты айлық акция басталды.

Аталған акция мамырдың соңына дейін Қазақстанның барлық өңіріндегі  дәріханалар мен медициналық мекемелерде өтеді. Шара шеңберінде ДЗҰСО сарапшылары ҚР ДСМ-мен бірлесіп,  дәрілердің неге тек рецепт бойынша берілетінін, препаратты рецепті көрсеткенде ғана сатудың  маңыздылығы туралы, өзін-өзі емдеудің зияны жайында, сонымен қатар, қазақстандықтардың дәріні қолданғаннан  кейін жағымсыз реакциялар туындағанда қайда хабарласуға болатынын  түсіндіреді.

Сондай-ақ, ДЗҰСО мамандары  медициналық қауымдастықтың өкілі және  халықпен  кездеседі. ДЗҰСО сарапшылары әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы тікелей эфирге шығып,  емделушілердің сұрақтарына жауап береді.

Қазақстандағы дәрілік препараттардың жағымсыз әсері туралы мәліметтер ДЗҰСО Фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу орталығында өңделеді. ДЗҰСО пайдасы мен қауіпке қатысты   жүйелі талдау жасайды (пациенттердің осы немесе басқа препаратты қолдану қажеттілігін бағалайды).  2019 жылы қаңтардан бастап ДЗҰСО атына дәрілердің кері әсері туралы 500-ден астам карта-хабарлама түсті. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12% аз.

- Пациенттер емдеуші дәрігермен бірге карта-хабарламаны (сары картаны) толтырып, www.ndda.kz веб-сайты арқылы дәрі-дәрмектің жағымсыз реакциясы туралы хабарлауға болады. Біздің сарапшыларымыз әрбір өтініш-хатты жеке  қарайды. Препараттардың жағымсыз әсерін азайту үшін, біз қазақстандықтарды дәрі-дәрмекті қатаң дәрігердің рецептісі арқылы қабылдауға шақырамыз, - деді ДЗҰСО Бас директорының міндетін атқарушы Арнұр Нұртаев.

Қазақстанда 10 жылдан бері фармакологиялық қадағалау жұмысы жүргізіледі. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу жөніндегі ДДСҰ (Уппсала қ., Швеция) жаһандық бағдарламасының толық құқықты мүшесі және еліміз бойынша деректерді осы ұйымға жолдайды.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы