Инфографика

Статусты анықтау

Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

http://mz.gov.kz/ru/node/1742
14.06.2017 г.

Қазақстанда Дүниежүзілік донорлар күнін атап өтті

Бүгін Қазақстанның барлық қан орталықтары Дүниежүзілік қан донорлар күнін «Мен не істей аламын?». «Қан тапсырыңыз. Оны қазір тапсырыңыз. Оны жиі тапсырыңыз!» деген ұранмен атап өтеді. Аталған іс-шара Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиеваның, ДДСҰ және астананың жетекші медициналық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Донорлық - өзіңнің қаныңды таныс емес, оған мұқтаж адамға және оның өмірін құтқаруға сыйлайтын ерекше мүмкіндік. Бүгін әрбір елдің алдында қауіпсіз донорлардан ұлттық қажеттігімізді қанағаттандыратын жеткілікті қан алу міндеті тұр. Олар қанның ерікті өтеусіз доноры, яғни, Сіздер, құрметті біздің донорлар. Сонымен қатар сіз алатын жалғыз сыйақы, ол жеке қанағаттандыру, өзін өзі құрметтеу және мақтаныш»-деп атап өтті Ажар Түлеғалиева, құрметті донорларды құттықтау сөзінде.

«Жыл сайын 260 мыңнан аса адам республиканың қан орталығына қан тапсыруға келеді. Донорлардың қайта қайта келуіне біз жоғары жағдай жасауға тырысамыз. Соңғы 10 жыл ішінде қан қызметі реформаның үлкен жолдарынан өтті, соның арқасында қазір Қазақстанның қан қызметі дамыған елдерден еш қалыспайды. Әрбір облыс орталықтарында сапалы құралдармен жабдықталған заманауи қан орталықтары жұмыс жасайды. Донор қандарын зерттеу толықтай халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Трансфузиялық терапияның инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін лейкофильтрлеу, вирустық инактивация, қан компоненттерін сәулелендірудің жаңа технологиялары енгізілді. Осы шаралардың барлығы халыққа сапалы медициналық қызметтің теңдей және әділетті қол жеткізу үшін республикалық қан орталықтары болсын, сондай-ақ облыстық қан орталықтары болсын барлығын  мемлекет қаржыландары» - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. 

Іс-шара шеңберінде астананың құрметті донорлары «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, алғыс хаттармен марапатталды және естелік сыйлықтар алды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 14 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қан донорлар күнін атап өтеді. Биылғы жылы жаһандық іс-шара 2017 жылы 14 маусымда Ханойда өтеді. 2017 жылғы Дүниежүзілік қан донорлар күніне байланысты іс-шараны ұйымдастырушы Вьетнам Гематология және қан құю ұлттық институты болып табылады (ГҚҚИ). 

Анықтама: ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы республиканың қан қызметін ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу үшін 2011 жылы ақпан айында ҚР Үкіметінің шешімімен құрылды. Қазіргі кезде Орталық астананың 22 медициналық ұйымын қан және оның компоненттерімен қамтиды, бұл 2016 жылы жалпы алғанда 64 941 доза қан компоненттері берілді. Орталықтың донорларының жалпы саны 23 410. Күнделікті қан донорлары бойынша көрсеткіш: 80-90 адам, 1 айда 1800-1900 адам, ал жылына 23000-24000 адам шамасында.

Халыққа жоғары мамандандырылған транспланталогиялық көмек көрсету үшін Орталықтың базасында ағзалар мен тіндерді транспланттаттау кезінде донор мен реципиенттің үйлесімділігін зертханалық анықтауды қазіргі мезетте жүзеге асыратын  елімізде бірінші рет және бірегей иммунологиялық типтеу зертханасы құрылды. Аталған зертхана жұмысының арқасында елімізде ағзаларды, тіндерді транспланттаттауды, соның ішінде қанның қатерлі аурулары кезінде сүйек кемігін  белсенді дамытуға мүмкіндік туды. 2011 жылдан бастап 2017 жылдың мамыр айы аралығында 1187 астам трансплантаттау, соның ішінде 904 бүйректі транспланттаттау, 54 жүректі транспланттаттау, 240 сүйек кемігін транспланттаттау, 213 бауырды транспланттаттау, 10 басқа да ағзалар мен тіндерді транспланттаттау жүргізілді.

Зертхана жұмысының нәтижесі бойынша сүйек кемігі доноры болуға қажет болған жағдайда өз келісімін беретін тұлғалар туралы барлық қажетті ақпараттар орналасатын Гемапоэтикалық дін жасушасы әлеуеттік донорларын тіркеу  регистрі құрылды. Бүгінде онда 5 534 донор тіркелген.

ДДСҰ ұсынуымен қан донорлығының даму көрсеткіштері 1000 адамға шаққанда 25, ал Қазақстанда донорлар саны бүгінгі таңда 1000 адамға шаққанда 15-ті құрайды. Ұлттық деңгейде- бұл шамамен жылына 2020 мың донор. Сонымен қатар, Астанада 1000 адамға шаққанда 38 көрсеткіші тіркелген.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы