Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

В Казахстане стартовал медицинский поезд «Денсаулық», который охватит 195 малых станций, разъездов и прилегающих населенных пунктов во всех регионах страны
30.04.2019 г.

Қазақстанда «Денсаулық» пойызы жолға шықты. Медициналық пойыз 195 бекет, разъезд, елді-мекен тұрғындарының денсаулығын тексереді

29 сәуірде жолға шыққан «Денсаулық» пойызы республика бойынша 195 шағын бекет, разъезд, елді-мекенге тоқтайды. Шалғайдағы ауыл тұрғындарына  жай күнде қол жете бермейтін мамандардан кеңес алуға мүмкіндік туады. Биыл дәрігерлер мінген пойыз желтоқсанның соңына дейін 19 мыңнан астам шақырым  жол   жүреді деп жоспарланған. 

Жобаны «Медициналық сақтандыру қоры», «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Деснаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асыруда.

Кардиолог, хирург, гинеколог, стоматолог-хирург, терапевт, невропатолог,  офтальмолог, педиатр, отоларинголог, рентгенолог, маммолог, сомнолог, онколог, акушер-гинеколог, дәрігер-лаборанттар ауыл тұрғындарын тегін тексереді. Сондай-ақ,  9 вагоннан тұратын пойызда рентген зертханасы, флюорография, ЭКГ,  УДЗ, ФГДС, УЗДГ сынды соңғы үлгідегі  аппараттар  бар. Ал ақ халаттылар диагностиканы, тіпті, шағын операцияларды да тура вагонда  жасай алады.

Биыл пойызда  дәрігерлермен бірге Медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері де жолға шықты. Мамандар тұрғындарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жан-жақты түсіндіреді. Салауатты өмір салтын, диета, дұрыс тамақтану, аурудың алдын алуды жайлы кеңес беретін дәрігерлер де бар. Медициналық пойыз жобасы аясында шалғай ауыл мен шағын елді-мекен, аудан тұрғындары бірнеше жылдан бері сапалы медициналық көмекке қолжеткізіп жүр.

ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры Асқар Қарашаштың  айтуынша, дәрігерлер вагонда шағын хирургиялық операциялар мен стоматологиялық ем  жасайды.

ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры 2018 жылы «Денсаулық» пойызы  4 айда 127 елді-мекенді аралап, 40 мыңға жуық адамды  қарағанын айтты. Осының арқасында ауыл тұрғындарынан қанайналымы жүйесі, онкологиялық және  өзгеде аурулардың  белгісі  ерте анықталған.

Естеріңізге салсақ, бұл жоба Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың  5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  халыққа жолдауының аясында жүзеге асуда. Онда ең алдымен ауылдарда  алғашқы медциналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру тапсырылған.

Анықтама: дәрігерлер 2018 жылы 4 айда Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарындағы  127 бекетке тоқтап,  тұрғындарды  тексерді:

Жалпы тексерілгендер саны -  41 360, оның 6 438 балалар;

Дәрігерге көрінгендер саны  -  192 195, оның 23 343 балалар;

Диагностикалық процедуралардан өткендер – 67 058, оның 5 472 балалар;

Маммологиялық тексеруден өткен әйелдер – 2 533;

Шағын хирургиялық операция  жасатқандар – 3 185;

Стоматологиялық көмек алғандар – 8 737.

 

 

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы