Денсаулық сақтауды цифрландыру

"Денсаулық туралы" Кодексінің жобасын талқылау

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

15.05.2019 г.

Қазақстан С гепатитіне қарсы инновациялық препараттың ерікті лицензиясын алды

Енді Қазақстан С гепатитіне қарсы Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвир сынды қымбат дәрілердің түпнұсқасын ғана емес, генерикалық препараттардың баламасын сатып алады. Патент иесі бұған рұқсат берді.

Еліміз аталған лицензияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Gilead фармкомпаниясы арасындағы меморандум аясында қол жеткізді. Тараптар құжатқа қол қойды. Бұл келісім Қазақстанның С гепатитіне қарсы арзан әрі сапалы дәрі сатып алуына мүмкіндік береді.

Осылайша, еліміздегі науқастарға С гепатитін емдейтін инновациялық препарат қолжетімді болып отыр. Егер бұрын Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвирдің құны мың долларға дейін жетсе, қазір оның бағасы 100 доллардан төмендейді. Ал аталған дәрілерді пайдаланған пациенттердің  90 пайызы ауруынан айығады.

Елжан Біртановтың айтуынша, бұл меморандум С гепатитіне шалдыққандар үшін ғана маңызды емес. Қазақстанда жаман ауруды түбегейлі жою жолында жасалған үлкен қадам.

ҚР Денсаулық сақтау министрі мен фармкомпания өкілі Бен Камар әріқарай да екіжақты қарым-қатынас орнатамыз деп келісті.

Айта кету керек, елімізде 2018 жылға дейін  вирусты С гепатитін жұқтырған науқас төрт түрлі препарат пайдаланып келді. Ал әр пациенттің  бір реттік емдік курсына 5 мың 800 доллар жұмсалатын. Бюджеттен бөлінген 6 млрд теңгеге 1 мың 200 адамның  еміне жетеді (еліміздегі барлық науқастың 17 пайызы), яғни, жалпы  науқастың 30 пайызы ғана дертінен жазылған. Бірақ олардың  көбіне  екінші рет терапия қажет болады.

ТМККК аясында біріңғай дистрибьютормен келісімнің  және БҰҰ даму бағдарламасы аясында былтырдан бері еліміздегі науқастар Софосбувир және Даклатасвир генерикалық препаратымен емделеді.

Бұл препараттармен белгіленген бір курстық ем үш айға созылады (үш орам). Арнайы келісімнен кейін  Қазақстанда вирусты С гепатитін жұқтырып тіркеуде тұрғандарды   тегін дәрімен қамту үшін генерикалық дәрінің емдік курсы 86 доллар болады.  Сөйтіп, қазынадан қаралған 1,5 млрд теңгеге осы ауру бойынша  диспансерлік тіркеудегі пациенттің бәріне жетеді.

2018 жылы 4 мың 204 науқас ем алды. Биыл еліміздегі медициналық мекемелерде 476,6 млн теңгеге Софосбувирдің 41 663 орамы берілді, ал бүгінге дейін 6 мың 343 пациент емделді.  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен  Gilead компаниясы арасындағы меморандум арқасында  қымбат препараттар қолжетімді болады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы